Путиннің кезекті сәтсіздігі: Қытай құжатқа қол қоймады

Ресей президенті Владимир Путин Қытайға екі күндік сапармен барды. Ол Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз өткізіп, екі ел арасындағы байланысты арттыру жағын талқы етті. Ресейлік тәуелсіз сарапшылар Путиннің бұл жолғы сапарында Кремль үшін маңызды саналатын газ саласына қатысты шешім тағы да қабылданбағанын айтуда.  


Сила Сибири» в деньгах – Коммерсантъ

 

Ресей Қытай тарапы аталмыш сапар барысында «Сібір күші-2» газ құбырын салуға келісім беріп, келісімшартқа қол қояды деп күткен. Алайда Қытай билігі бұл құбырға қатысты сөзді мүлде қозғамады.

 

Песков Путин мен Си арасындағы кездесу алдында Ресей тарапы «Сібір күші-2» жобасын талқылайтынын айтқан болатын. Жобаны ресейлік тарап жетінші жыл қатарынан ұсынып келеді. Энергетика саласына қатысы бар ресейлік саясаткерлер Путиннің делегация құрамында болса да, маңызды келісімге тағы да қол қойылмады. Песков келіссөздерден кейін «Сібір күші-2» жобасына тағы да қол қойылмағанын айтты.

 

2023 жылдың көктемінде Си Цзиньпин Мәскеуге сапарлап келді. Сапар барысында ресейлік тарап жылына 50 млрд куб газ тасымалдауға қабілетті құбыр жобасы талқы болатынын айтқан-ды. Кремль жылына Қытайға 100 млрд куб газ жеткізуге уәде етті, бұл «Газпром» компаниясы қазір жеткізетін газдан 4 есеге көп деген сөз.

 

Ресей үшін Қытай нарығы қазіргі таңда өте маңызды. Украина соғысынан кейін Еуропа нарығын жоғалтқан Ресей ауқымды көлемде газ алуға ниетті елден айырылып қалғысы келмейді. 2019 жылы «Сібір күші-1» құбыры іске қосылып, жыл сайын Қытайға 21 млрд куб газ жіберуде. Ал Ресей Еуропа нарығына жылына 150-180 млрд куб газға дейін сатқан болатын. «Сібір күші-2» іске қосылмаса, алдағы уақытта Ресей бюджеті үлкен шығындарды жабу мүмкіндігінен айырылады.  


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар