Кезекті «қашу операциясы» құрдымға кетті...

Назарбаевшыл шенеунік шекара аспақ болған жерінен тұтқындалды. Гәп – бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев туралы.

1698053566449047.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Марат Бекетаевты 21-қазанда әуежайда тұтқындаған. «Ол әуелі Ыстамбұлға ұшып, одан ары Лондонға қашып құтылмақ болған», - деп жазды БАҚ.

Ведомстваның хабарлауынша, экс-министр «лауазым өкілетін асыра пайдаланып», «талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірген» деген күдікке ілінген. 

Марат Бекетаев «Қаңтар қырғынынан» кейін қызметінен босатылған. Алайда көп ұзамай премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалған.

«Қанды Қаңтар оқиғасының» бас кейіпкері саналатын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке жақын шенді-шекпенділердің бірі – Марат Бекетаев бұған дейін даулы мәселелерде бірнеше рет көзге түскен.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент болғаннан бастап Ескі Қазақстанды көксейтінін бірнеше мәрте ашық көрсеткен. Мәселен, Бекетаев 2019 жылғы 22 қазанда Назарбаевтың кейбір салалардағы өкілеттіктерін кеңейткен «Президенттің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Тоқаевтың жарлығына түсініктеме бере отырып, кадр мәселесі бойынша соңғы сөз Қауіпсіздік кеңесінде екенін мәлімдеді (ол кезде оны Назарбаев басқарған). Ал заң жүзінде басты кадрлық шешімдерді президент қабылдайтын еді.

Мемлекетке мемлекеттік тілді білмей әділдік орнатуға болады деп ойлаған Марат Бекетаев 29 жасынан бастап, яғни 2007 жылдан бері, Әділет министрлігінде жауапты қызметтерді атқарған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар