Құдыс-Израиль соғысы 3 айға созылады: «Мысырды да соғыс өрті шарпыды»

Әлемдік БАҚ жаңалықтарында Орыс-Украин соғысы екінші кезеккке ысырылмасада, қазір көп талқыланып жатқан тақырып: Құдыс пен Израиль текетіресі.

1698055525112897.jpg

Ең соңғы жұрт назарын аударған оқиға - Израиль Қорғаныс армиясының ресми өкілі Джонатан Конрикустың Аустралияның ABC радиосына берген сұхбаты болды. Жалпы осы соғыс барсында еврей тарапы Таулы Қарабақтың ретке келтіруінен сабақ алған сыңайлы. Біздің бұлай деуімізге Конрикустың: «Егер ХАМАС азаматтарды қалқан етіп, тығыла қорғануын қойып, тұтқындарды босатып, ешбір шарт қоймай берілетін болса, онда бұл соғыс тоқтайды», - деген сөзі түрткі.

Израиль жағының ескермей отырған бір дүниесі бар. Ол – Құдыстың әлем елдері мойындамаған Таулы Қарабақтан өзгешелегі жеке мемлекет саналатыны. Және заманауи әскери технологияның дамуы әлсіз елдердің де бес қаруы сай елдерге әлеуетті қарсылық көрсететін жаңа дәуірдің туғандығы.

Израил Қорғаныс министрі Йоав Галлант бұған дейін: «ХАМАС-қа қарсы әскери операция үш айға созылуы мүмкін», - деген болатын.

Сонымен еврей билеуші тобы ХАМАС-ты түп тамырымен құртуға бел шеше кіріскелі отыр. Әзірге дейін Әскери әуе күштеріне иек артса, енді соққы жасауды қойып, көп кешікпей жаппай шабуылға көшетінін жария етті.

CNN телеарнасы бұған дейін: «Вашингтон жағы Израильді тұтқындарды бостау мен жер үсті операциясын бастауды кідірте тұруға шақырған болатын», - деп ақпар таратқан. Онан соң NBC арнасының тікелей эфирінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен: «Израиль жер үсті шабуылын бастау-бастамауды жеке өзі шешеді, бұл жағдайда Вашингтон тек кеңес берумен ғана шектеледі», - деп сөйледі.

Осыған арқаланған Йоав Галлант: «Бұл біздің Газадағы ең соңғы маневрлік шарамыз, бұдан кейін ештеңе жасауға тырыспаймыз», - деп шорт кесті.

Бірақ тап осы Газадағы ең соңғы маневрлік шара қашан басталатын ешкім де тап басып айта алмайды. The New York Times жазуынша, ХАМАС-тың екі америкалық әйелді тұтқынан босатуы – АҚШ-тың Газа секторындағы тіке шабуылды белгісіз мерзімге тоқтауға мұрындық болуына түрткі болды.

ЦАХАЛ мәлімдеуінше, өткен түні Газа секторындағы 320-дан астам нысанға соққы жасалды. Адам шығыны зор болғанымен, Құдыс жағы оның санын жария еткен жоқ.

«Мысырды да соғыс өрті шарпыды», - дейді Reuters басылымы. Жексенбі күні Газа секторы мен Мысыр шекарасындағы «Рафах» өткізу бектетінде гуманитарлық көмек әкеле жатқан көлікке Израильдің соққысы тиген. Осыдан құлағдар болған Израиль тарапы кешірім сұрап: «Орын алған оқиға тексеріледі», - деп жауап қатты.

Құдыс пен Израиль текетіресіне қатысты соңғы ақпараттардың ауаны осы...

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар