Маңызды операция: Украина әскері сол жағалауда ұрыс салуда

Ресей Донецк аймағындағы Авдеевкаға шабуылды үдеткен сәтте, Украина Херсон облысындағы қарымта шабуылын арттырды. Украина әскері алғаш рет Днепр өзенінің сол жағалауындағы ресейлік екінші қорғаныс шебіне жетіп, бекіне білген. Ұлыбритания барлау қызметі тіпті Украина тарапы плацдарм құрғанын айтуда.  


Как может закончиться война России в Украине?

 

Бұл Украина әскерінің Херсон бағытындағы маңызды әскери маневрі дейді сарапшылар. Украина әскерінің қарымта шабуылдағы негізгі міндеті Ресейдің Қырымға баратын құрлық жолын жабу болып саналса, аталмыш плацдарм маңызды рөл ойнайтыны сөзсіз.  

 

Украина мен Ресей әскері арасында Днепрдің сол жағалауындағы Крынки ауылы үшін кескілескен шайқастар өтуде. Ауылды біресе Ресей, біресе Украина сарбаздары өз бақылауына алып, нақты бекіну қиынға соғуда. Ауыл соңғы екі күнде Украина бақылауына өткен. Аталмыш елді-мекен арқылы Киев Херсон аймағындағы шабуыл қарқынын арттыруға арналған база құруға талпынбақ.

 

ISW (АҚШ-тың соғысты зерттеу институты) Днепр маңында украин сарбаздары әдеттегі ұрыстан әлдеқайда ауқымды шабуылдарды іске асырып жатқанын айтады. Крынки маңындағы шайқастар туралы Ресей қорғаныс министрлігі ақпарат бермесе де, ресейлік әскери сарапшылар кескілескен шайқастардың болып жатқанын растауда. Маусым айында Украина әскері қарсы шабуылын бастаған болатын, алайда алға жылжу тым баяу және жоспардан ауытқыған негізде өтуде. Бұл украин сарбаздарының Бахмут және Запорож бағытындағы ресейлік мықты қорғанысқа тап болуымен түсіндірілуде.

 

Украина әскері Запорож бағытында Тоқмаққа жылжыса, Днепрдің сол жағалауы арқылы екінші топ Қырымға баратын жолды жабу операциясына сеп болмақ. Сол жағалауға Украина әскері сәтті бекінсе, бұл позициялық соғыста Киевке бірқатар артықшылық бермек. Украина Херсон аймағындағы ресейлік позицияны атқылау, жеткізу тораптарын жою, әскери базаларға соққы жасау қарқынын күшейтеді.

 

Әскери сарапшылар қазіргі уақытта тараптардың шабуыл жасауға бірнеше аптасы ғана қалғанын айтуда. Алда қыс және алға жылжу әрекеттері азаяды. Ауа райына байланысты соғыс шабуыл фазасынан, артиллериялық соққы жасау фазасына ауысады.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар