Тарихи мезеті Осман империясы тарауынан бастау алған, ең шиленісті кезеңі 1946 жылдан бастау алатын Құдыс мәселесі ендігі жерде тек Израиль мен Құдыстың ғана емес бүкіл әлемдік проблемаға айналды.
Осы елдердің қайсыбірін қолдайтын акциялар бүкіл әлем қалаларында өтіп жатыр. Араб елдері немесе Еуропа елдерінде ғана емес, Орталық Азия елдерінде де Құдыстықтарды қолдау акциялары өтуде.
БІШКЕКТЕГІ ПАЛЕСТИНАНЫ ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫ
21 қазан күні Бішкекте М.Горкий атындағы скверде арнайы рұқсат етілген «Free Palestine!», «Stop war» және «Журогумдосун Палестина» лозунгтерін көтерген жұртшылық өз наразылықтарын білдірді.
Еуропа Құдысты қолдайтын акцияларға тыйым салды. Осы тыйым ОА елдерінде де көрініс тапты.
АЛМАТЫДАҒЫ АКЦИЯ
Құдысты қолдаудың жеке пикетін Алматылық қыз «Starbucks» кофеханасының алдында өткізді. Оның себебі аталған ұйым Израильді қолдайды екен.
Астанада, Ташкентте, Душанбеде Құдыс елшілігі жанына гүл шоқтарын апарып қойып, өздерінің Құдыстықтарды қолдайтындықтарын білдіруде.
Десе де ОА елдерінде бастамашыл топтар Құдыстықтарды қолдау акциясына шығу үшін жергілікті биліктен рұқсат ала алмауда. Бұның себебі, осы елдердегі биліктің ешбір тарапты қолдамай, қантөгістің бейбіт жолмен шешілуін қалауында.
Қазақстан билігі де Құдыс пен Израиль текетіресінің бейбіт жолмен өз ретін тапқанын қалайтындығын ашып айтты.
Mezgil.kz