АҚШ: Ондаған мың Өзбекстан азаматын ұстадық

АҚШ-қа заңсыз өтушілер саны соңғы үш жылда күрт артқан. Әлемдегі коронавирустық шектеулер мен пандемияға байланысты әлем экономикасы нашарлап, жұмыс табу қиындаған сәтте, млндаған халық әлем бойынша жұмыс іздеп кеткен. Басым бөлігі Еуропа мен АҚШ-қа бет алған.


Первые беженцы попытались перелезть через ограждение на границе Мексики и  США

 

2021-2023 жылдың аралығында АҚШ-қа кіруге талпынған 13 мыңнан астам Өзбекстан азаматы тәртіп сақшылары тарапынан ұсталған. Бұл туралы АҚШ-тың кедендік бақылау қызметіне сілтеме жасай отырып Fox News хабарлады.

 

АҚШ-тың кедендік бақылау қызметі шекараны заңсыз өтпек болғандар арасында Азия және Африка құрлығының азаматтары көп екенін айтады. Оның ішінде Түркияның 30830 азаматы, Мавританияның 15594 азаматы, Өзбекстанның 13624 азаматы, Ауғанстанның  6386 азаматы, Мысырдың 3153 азаматы бар. Одан бөлек мыңдаған Иран, Ирак, Сирия, Ливан, Пәкістан, Йемен, Иордания азаматтары ұсталған.

 

АҚШ тізімді жариялай отырып, аталмыш азаматтардың ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін айтады. Ал қауіпсіздікке кедергі емес тұлғалар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Fox ақпараты АҚШ соты қанша азаматқа үкім кесіп, елден депортациялағанын айтпады. Алайда Вашингтон тарапынан ондаған мың азаматы ұсталған елдерге арнайы хат жіберілгені белгілі болды.  

 

Шекараны заңсыз кесіп өтудің бағыты қалыптасқан. Мигранттар Азияда Стамбұл арқылы Мадридке барып, кеме немесе ұшақ арқылы Богота, Панама немесе Манагуаға барады. Артынша олар жаяу немесе көлікпен Никарагуа аумағын басып өтіп, Гондурасқа жетеді. Гондурастан Гватемалаға өтіп, Мексика асады. Артынша сәті түссе АҚШ-қа өтуге талпыныс жасайды. Олар АҚШ жерінде босқын статусын алып, кейін грин-карта иемденіп, жұмыс істеу құқығына ие болудан үміттенеді. Алайда бұл жүз адамның біреуіне ғана бұйыруы мүмкін сәттілік дейді мамандар.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар