Тасмағамбетов сөйледі, сөйлегенде бүйдеді: «ҰҚШҰ-ны күшейту керек...»

Еуразиядағы шиеленіс күшейген кезеңде ұйқыда жатқан қақтығыстар оянып келеді. Бұл туралы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов айтты.

1698314619293897.jpg

«Мамандар Еуразиядағы әскери-саяси шиеленістің өскенін бірінші рет айтып жатқан жоқ. Стратегиялық тұрақсыздық жағдайында көптеген ұйқыда жатқан қақтығыстар қызу кезеңге өтіп, жаңалары пайда болуда», - деді Тасмағамбетов «Еуразиялық қауіпсіздік: трансформацияланатын әлемдегі шындық пен перспектива» атты халықаралық конференцияда.

ҰҚШҰ Бас хатшысының сөзіне қарағанда, «қызу қақтығыстар көбінесе геосаяси қақтығыстың құралына айналады».

Тасмағамбетовтың айтуынша, жетекші әлемдік державалар арасындағы диалогтың болмауынан халықаралық қауіпсіздікке қатер төніп отыр. Соның салдарынан жаңа дағдарыстық жағдайлар туады.

Бас хатшы ҰҚШҰ-ның өз қағидаттарына адал екенін атап өтті.

«Қазіргі жағдай барлық жаһандық және өңірлік орталықтардың, оның ішінде әскери-саяси одақтардың назарын аударуды талап етеді», - деді Тасмағамбетов.

Өз сөзінде Тасмағамбетов: «Қазіргі саяси шындықты басшылыққа ала отырып, ҰҚШҰ-ның жұмысындағы кейбір аспектілерді қайта іске қосу, жандандыру керек. Бұл уақыт талабы және кезек күттірмейтін мәселе», - деді. Бірақ, нақты қандай аспектілерді іске қосу керектігін атап айтпады. Тек: дағдарысты жағдайда жедел әрекет етудің тиімді механизмдерін әзірлеу қажеттігін және болжалды қақтығыстарды ескертуде жүйелі әрекет ету мәселесін қарастыру керектігін айтты.

Әрі қарай: «ҰҚШҰ – Халықаралық қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі екенін және өзінің біріктірушілік қағидаттарына адал екенін дәлелді. ҰҚШҰ дағдарысты жағдайларды саяси-дипломатиялық жолмен шешуді басшылыққа аланын және әлемдік саяси аренада Халықаралық құқық пен демократиялық бастамаларды ұстанатынын көрсетті», - деді.

Сөз соңында: «Қазіргі маңызды мәселе – ҰҚШҰ-ның күштік әлеуетін, дайындық жұмыстарын арттыру және оны ұжымдық басқару мәселелерін нығайту керек», - деді.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ны 2022 жылдың қарашасында тізгіндеген. Оның басшылық мерзімі 3 жыл. Яғни, 2025 жылдың желтоқсанына дейін делінген.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар