Ресейліктерден құралған "Сібір жасағы": Ресей - ең зұлым империя, ол құлауы тиіс

Украина әскерінің құрамы «Сібір жасағымен» толықпақ. Жасақтың сарбаздары түгелдерлік Ресей азаматтары. Басым көпшілігі ерікті түрде Ресейден Украина асып, жасаққа қосылғандар. Жасақ натолық стандартқа сай дайындықтан өтуде және жақын күндері ұрысқа қатысуды бастайды. 


34-летний Варган приехал из российской Республики Саха (Якутия), чтобы присоединиться к батальону

 

Bloomberg-тің жазуынша батальон құрамында Ресейдің ішіндегі аз ұлттар көп. Сақа, бурят, қалмақ және басқа ұлттар бар. Олардың басым көпшілігі Украина жеңісі Ресейдің ыдырауы мен аз ұлттардың тәуелсіздік алуына әсер етеді деп санайды.  

 

Сібір жасағын құру идеясы 2022 жылдан бері іске асуда. Жасақ құрамына алынатын әр азаматты ұзақ тексеру күтіп тұр. Ол психологиялық тексеруден бастап Ресейге деген адалдығын анықтауға дейінгі аралықты қамтиды. Тексеріс уақыты 3-12 айды құрайды. Жасақ құрамына тұтқынға түскен ресейлік сарбаздарды қабылдамайды.

 

«Біз Кремль режимін түбегейлі жоюға тиіспіз. Мен Сақа елінің азат болғанын қалаймын. Елімнің азат, әлем картасында өз орны бар, демократиялық мемлекет болуын армандаймын. Сақа өте бай ел, алайда халқы өте кедей тұрады. Путинге қызмет ететін шенеуніктер ғана балқып-шалқып күн кешуде», - дейді жасақ мүшесі, ұлты сақа, лақап аты Варган есімді сарбаз.

 

Ал жасақ құрамындағы Мәскеу облысынан келіп қосылған журналист, лақап аты Ганди есімді сарбаз былай дейді: «Мен өзімді ресейлік ретінде осы бір сұмдық соғысқа жауаптының қатарынанмын деп сезінемін. Мен бірінші ұрыста-ақ қаза табуым мүмкін екенін жақсы түсінемін, алайда маған осы бір қылмыстық шабуылдың мүшесі болғанша, соған қарсы күресіп өлген әлдеқайда әділетті сезіледі», - дейді.  


Эксперты оценили риск вооруженного конфликта на Украине — РБК

 

Тағы бір Мәскеуден келіп, жасаққа қосылған Мартин есімді сарбаз былай дейді: «Ресей – бұл ең ірі, ең зұлым империя. Ол құлауы тиіс. Ресей құлап, оның ішіндегі ұлттар да, әлем халықтары да өз тағдырын өзі анықтайтын дәрежеде болғаны абзал».

 

Алғаш рет жасақ жайлы ақпарат 2023 жылдың көктемінде айтыла бастады. Көктемде Украина әскеріне өз еркімен Ресей әскерінің офицері, Екінші шешен соғысының ардагері болған Владислав Аммосов келіп қосылды. Ол Сақа елінің тумасы. Қазіргі уақытта «Сібір жасағының» құрамына жаппай адам тартумен айналысуда.   

 

Ресей әскерінің құрамында да "Сібір жасағы" бар. Ол казактардан құралған және Донецк облысындағы ұрыстарға қатысуда. Ресейлік «Сібір жасағының» құрамы бірнеше мәрте толықтырылды. Жасақ 2023 жылдың ақпан-сәуір аралығында Бахмут бойында соғысып, құрамының тең жартысын жоғалтқан болатын.

 

Қазіргі сәтте Украина әскерінің құрамында «Азат Ресей» легионы мен «Орыс ерікті корпусы» Ресейге қарсы соғысуда. Олардың басты мақсаты Ресей жеріне диверсиялық шабуылдар жасау болып саналады.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар