Орталық Азиядағы әйелдер құқығы: Қауіпсізі - Түркіменстан, қауіптісі - Қырғызстан!

Халықаралық деңгейде әйелдер қауіпсіздігі рейтингі жарияланды. Бұл рейтинг әлем елдеріндегі әйелдердің жүріп-тұру қауіпсіздігі, жұмысқа тұру мәселесі, гендерлік сипаттағы қудалау, тұрмыс құрудағы еркіндік, білім алу мен шешім қабылдаудағы өз ойының болуы және басқа түрлі сұрақтарға байланысты анықталады.

 

Поворот на права: почему равенство нужно далеко не всем женщинам —  Платформа —


WPS рейтингі әр аймақты жеке бөліп те қарайды. Орталық Азия елдерінің ішінде әйелдер үшін ең қауіпті ел болып Қырғызстан танылды, ал ең қауіпсізі Түркіменстан.

 

Қырғызстан рейтингте 95-орында тұр. Бұл елде билік органдарындағы әйелдердің үлесі бар болғаны 20 пайызға тең, ал 13 пайыз қырғызстандық әйелдер отбасы ішінде зорлық-зомбылық көретіні анықталған.

 

Орталық Азиядағы әйелдер үшін ең қауіпсіз ел болып Түркіменстан анықталды. Ол 58-орында тұр. Бұл елдегі рейтингтің нақтылығына үлкен күмән бар дейді мамандар. Себебі соңғы жылдары әйелдерге қатысты шектеулер көбейген, ал зерттеуді Түркіменстан аумағында жүргізу мүмкін болмаған. Қазақстан бұл рейтингте 80-орында, Тәжікстан 90-орында, Өзбекстан 94-орынға жайғасыпты.

 

Аталмыш рейтинг 13 категория бойынша сұрақтарды анықтап, әлемнің 177 елінде зерттеу жүргізеді. Әйелдер үшін аса қауіпсіз елдердің басында Норвегия, Дания, Финляндия, Исландия, Швеция, Швейцария, Люксембург, Аустрия, Нидерланды және Жаңа Зеландия тұр. Ең қауіпті елдер ретінде Оңтүстік Судан, Конго, Орталық Африка Республикасы, Ауғанстан, Йемен танылған.  


Mezgil.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Ұқсас тақырыптар