Тірі қалған қай «Путин»?

Ресейдің профессоры, тарихшы және саясаттанушы Валерий Соловей қазан айының 28-і күні украин журналисті, саяси сарапшысы Дмитрий Гордонға берген сұхбатында «Путинді өлді» деп жариялап, оның мәйітінің қайда екенін де айтты.

1698653679857205.jpg

Оның айтуынша, РФ президенті 26-қазанда кешкі сағат 20:40 жобасында қайтыс болған. Ал сүйегі Валдайдағы резиденциясының тоңазытқыш камерасында-мыс.

Орыс саясаттанушысы Путинді бұған дейін Израиль дәрігерлері емдеп келгенін, Ресей Иранға әскери технологиялар бергеннен кейін олар емдеуді тоқтатқанын, соның салдарынан (әлде арқасында дейміз бе?) диктатордың денсаулығы күрт нашарлай бастағанын жеткізді. Соловеи орыс диктаторының қазаннан тірі шықпайтынын бұған дейін бірнеше рет ескерткеніне де тоқталды.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков болса, дүниежүзілік БАҚ беттері Ресей диктаторының жүрегіндегі ақау мен оның көп ұзамай жан тапсыратыны жайлы ақпараттарды жаңбырша жаудырғаннан кейін, яғни қазан айының 24-і күні, Путиннің «аттай шауып» жүргенін, ешқандай сыңары жоқ екенін айтып шыр-пыр болған.

Не өлмейтін, не қоймайтын Путиннің ажалы жайындағы әңгіменің қызу талқыға түсіп жатқаны бірінші рет емес. Оның өлімі туралы хабар 2018 жылдан бері ауық-ауық жарияланып келеді. Бұл жолы да саяси сарапшылардың дені «Путин тірі» деген нұсқаға тоқтады.

Тәуелсіз сарапшылар Ресей Украинға басып кірген тұста орыс халқының Путинге деген сенімінің күрт төмендегенін айтып жар салып еді. Ал қазір Ресейдің 80 пайыз халқы көзіне қан толған Путинді қолдайтыны белгілі болып отыр. Ендеше оның өлімінен де, тірлігінен де бәлендей ештеңе өзгере қоймасы анық. Соловеидің айтқаны айдай келсе де, диктатордың идеясы мен жүйесі ұзақ уақыт сақталатын сыңайлы.

Ал «боқ көтерген боқтың қабы» Путин өлді ме, жоқ па – көп ұзамай-ақ көз жеткізерміз.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар