Авдеевка майданы: Соғыс қызып, шығын артты

Украина мен Ресей арасында Донецк облысының Авдеевка қаласы үшін қиян-кескі шайқас жалғасуда. Бұл қала үшін қақтығыс 2014 жылы басталған болатын. Донецк Ресей қолдауымен сепаратистер қолына өткен сәтте, қаладан 15 шақырым жерде орналасқан Авдеевка қаласын Украина әскері қорғаныс шебіне айналдырды. Сол сәттен бастап Авдеевка үшін шайқас жүруде.


Почему Авдеевка стала самой горячей точкой Донбасса - BBC News Русская  служба

 

Қазан айының басынан бастап Ресей әскері Авдеевканы алуға тырысуда. 10-қазаннан бері Ресей қаланы басып алу мақсатында төрт мәрте ірі және ондаған мәрте кіші шабуылдар жасаған. Алайда қорғаныс шебін бұза алмай, үлкен шығынға ұшыраған.

 

Батыстық барлау қызметтері Украина әскері Авдеевка маңында қазанның басынан бастап 500-ге жуық ресейлік әскери техниканы жойғанын айтты. Оның ішінде ұшақтар, тікұшақтар, бронды техникалар мен танктер, артиллериялық қондырғылар мен зымыран кешендері бар. Мыңдаған адам жараланып, қаза тапқан.

 

Ақпаратты нақты тексеру және шығынды дәл басып айту мүмкін емес. Ұрыс қимылдары қарқынды бола түскен сайын, майдан шебіне баратын тілшілердің де саны азайған. Тараптар өз шығындарын азайтып, қарсылас шығынын ұлғайтып көрсету әдісіне де жүгінуде.

 

19 қазан күні ресейлік әскери агрессияны жақтаушы, Кремль тарапынан қаржыландырылатын WarZone жобасы Авдеевка маңындағы соғысқа қатысты былай деп жазды: «Авдеевка маңында бүгін нағыз тозақ болды. Нағыз. Оны түрлі ақпарат құралдарынан алып отырмыз. Ертең тараптардың шығыны жайлы ақпараттарды жариялай бастайды, бірақ нақты айта қоймас. Өкінішке орай осы бір тозақта біздің жігіттер де қаза тапты», - дейді.

 

19 қазан күні Авдеевкаға бас қолбасшы Валерий Залужный барды. Артынша ол Купянск маңындағы сарбаздармен де кездесіп, ұрыс тактикасын талқылады. Ресей қорғаныс министрлігі әзірге Авдеевка маңындағы соғысқа қатысты ақпаратты сирек айтуда.

 

Ресейлік әскери сарапшылар әуе мен артиллериялық соғыста басымдыққа ие болған соң ғана Авдеевканы шабуылдауға кеңес беруде. Олар қазіргі уақытта іске асып жатқан тіке шабуыл үлкен шығыннан басқа ешқандай нәтиже бермейтінін айтуда.

 

Авдеевка қаласын алу Ресей үшін үлкен маңызға ие. Қалада Украинаның артиллериялық қондырғылары тұр және сол арқылы Донецк қаласындағы әскери нысанды атқылау іске асуда. Кремль Авдеевка маңындағы шабуылды күшейту арқылы Украинаның оңтүстік бағыттағы шабуылын да тоқтату әрекетін жасамақ.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар