Ұлыбританияның «The Guardian» басылымы жаралылар мен шетелдіктерді эвакуациялау үшін Мысыр мен Газа секторының шекарасында «Рафах» бақылау-өткізу пункті ашылды деп хабарлады.
«Рафах ауруханаға жатқызуды қажет ететін палестиналық жаралылар мен жүздеген шетелдікті эвакуациялауға мүмкіндік берді», – деп жазылған мәлімдемеде.
Мысыр дерегінше, бүгін «Рафах» бекетінен 90-ға жуық жаралы палестиндік пен 450-ге таяу шетелдік өткізіледі.
Естеріңізде болса, 26 қазанда Газа секторында блокадаға ұшыраған қазақстандықтардың туыстары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақындарын құтқаруға көмектесуін өтінген болатын.
Қақтығыс болып жатқан аймақтағы Қазақстан азаматтарының басым бөлігі елімізге жеткізілгенімен, 70-ке жуық отандасымыз Газада қамауда қалды. Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оларды эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырып жатқанын айтты.
Mezgil.kz