Саясаттанушы: Мемлекет отбасы құндылықтарын сақтауға ерекше назар аударуда

Саясаттанушы, әлеуметтанушы Айгерім Абдрашитовамен еліміздегі отбасылық саясат, отбасы құндылықтары жайында сөз қозғап, пікір алмастық. Назарларыңызға сол сұхбатты ұсынамыз.

 

 Семья и семейные ценности в современном мире - Білімді Ел - Образованная  страна

 

- Қазіргі уақытта отбасылық құндылықтарды көтеру үшін мемлекет қандай шаралар қабылдауда? Қандай бағдарламалар бар?

 

- Отбасы құндылықтарын сақтауға мемлекет тарапынан ерекше назар аударылады. Себебі ол әр адам үшін тұрақтылықтың негізі ретінде дәріптеледі. 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бар. Ол бойынша отбасылық саясат әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ретінде бекітіліп, жанұяның жағдайын жақсартуға бағытталған түрлі шараларды қамтылады. Одан бөлек Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше елде  отбасыларға жан-жақты көмек көрсету үшін өңірлерде 68 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. 19-ында уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. 

 

- Аталған тақырыпта 156 әлеуметтік жоба республика бойынша іске асырылады. Оған бөлінген қаржының 40%-ы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталса, 25%-ы жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, 10%-ы халық арасында репродуктивті денсаулықты сақтауға, 15%-ы жағдайы төмен отбасылармен профилактикалық жұмыстарға жұмсалады.

 

- 91-жылдан бері отбасы құндылықтарына қатысты бірқатар мәселелер жиі айтылуда. Оның ішінде қарттар үйі мен жетімдер үйіне қатысты сынды жиі естиміз. Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған халық қой. Осы бір игі дәстүрді дамытудың, жалғастырудың реті бар ма? Бар болса оны қалай іске асыруға болады?

 

- Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша оқу барысында Алматыда «Аналар үйі» деп аталатын қиын жағдайға тап болған жас аналарға көмек беретін жерге барған болатынбыз. Ол жерге әртүрлі жағдайларға байланысты жүкті болып, отбасынан қолдау таппағандар көмек алады. Ол жерде тұрған уақытта әйелдер аяққа тұрып кетудің амалын қарастырады. Бірі балаларға қараса, басқалары сол уақытта оқиды, жұмыс жасайды. Ең қиын кезеңде балаларын шарасыздықтан балалар үйіне өткізбейді, қолдаудың арқасында аяққа тұрып, ары қарай өз күндерін көріп кетеді.  Бұл тек бір ғана кейс.

 

Одан бөлек біздің қоғамда жесір әйелдер мен тағы да түрлі себептерге байланысты жүкті болып қалған әйелдерді стигматизациялауды қою керек. Адам өмірінде түрлі жағдай болады. Өкінішке орай, жетімі мен жесірін жылатпаған халық болсақ та, қазір жағдай басқа. Сондықтан мәдениет жағын көтеру керек.

 

Тағы бір мәселе – отбасылық байланысты нығайту. Қазір қай елдің болмасын экономикалық және әлеуметтік жағдайы қиын. Дегенмен, туысқандық қарым-қатынас суымай, жақынына қамқор бола білу маңызды. Сол кезде жетім де, жесір де жалғыз қалмайды.


- Ақпарат айдынында отбасы құндылықтарын дәріптелу дәрежесіне көңіліңіз тола ма?

 

- Толыққанды деп айта алмаймын. Бізде бұл тақырыпты дәріптеудің құралдары қаншама. Әлеуметтік желі, телеарналар, тіпті сериалдар. Солар арқылы пайдалы, әрі қызықты контент жасап, қоғамға таратуға болады. Бұл тақырып адамдарға қызық, тек оны дұрыс ұсына білу керек.

 

- Балаларға мектеп, балабақша отбасы құндылықтарын түсіндіре алуда ма? Мектептің функциясы тек білім емес, тәрбиеге де үлес қосу ғой.

 

- Білуімше, мектеп пен балабақша көп жағдайда білім беруді басты назарға алады. Ол орынды да. Бағдарламаның өзгеруі отбасы секілді тақырыптарты тек сынып сағаттарына ығыстырып қойған секілді. Тәрбие қалай дегенмен де бірінші кезекте отбасында берілуі керек. Оны мұғалімерге ғана жүктеп қоятындар бар. Бірақ олардың жұмысы білім беру, ал мектеп адамның әлеуметтенуіне жақсы әсер етеді.

 

- Отбасы құндылықтарын алға жылжытуға қатысты қандай соңғы жылдары шыққан фильм, кітап, анимациялық өнімдерді жоғары бағалайсыз? Тағы не жасалу керек деп санайсыз?

 

- Жақында «Шырақ» деген анимациялық мультфильм шықты. Шамамен 20 минутқа созылған, дегенмен мағынасы терең шығарма. Оған дейін «Ағайындылар» сериалы, «Анаға апарар жол», «Шал», «Құрақ көрпе» фильмдері шықты. Сапасы да, санаға әсері де жоғары туындылар. Өзіміздің төл мәдениетіміз, отбасында жасалатын салт-дәстүрлердің мағынасын ашатын «Қазақтың жазылмаған психологиясы» деген кітап бар.

 

Бізде әлі де отбасын мысқылдамай, тек теріс жағын көрсетпейтін контент тапшы. Тіпті балаларға арналған контент жоқтың қасы. Бұл жолда жасалу керек жұмыс жетерлік.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар