Пашинянды тақтан құлату: Арменияны төңкеріс елесі кезіп жүр

 

Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметі өткен аптада ел премьері Пашинянды өлтірмек болған қарулы топты ұстады. Қарулы топ «Солтүстіктегі қараша» операциясы аясында елдегі билікті төңкеріп, басып алмақ болған. Олардың жоспарына бірнеше террорлық акт жасау да кірген.

 

Пашинян отказался считать Армению союзником России в операции на Украине —  РБК


Қарулы топты ұстау кезінде бес адамнан түнгі көру құралдары, автоматтар, граната және басқа қару түрлері табылған.

 

Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметі анықтағандай, қарулы топ бірнеше теракт ұйымдастырған соң, Грузия жеріне өтіп, уақытша жасырынуды жоспарлаған. Сарапшылар бұл операцияны Ресей мен Армения арасындағы жағдай тым қатты ушыққан сәтте іске асыруды жоспарлау, нағыз арандату болуы да мүмкін дейді.

 

Ел билігі ұсталғандардың аты-жөнін, қандай топқа жататынын құпия сақтауда. Әзербайжан билігі Қарабақта антитеррор операциясын өткізіп, ел суверенитетін толық қалпына келтіргеннен кейін, Армениядағы саяси дағдарыс күшейді. Қазан айында Армения билігі «Кресшілер» деп аталатын әскери-патриоттық топты ұстады. Оның құрамында Ереванның бұрынғы мэрі, «Еркрапа» ұйымының ардагерлері болған. Кресшілер Армения билігін қарулы жолмен төңкеруді ойлаған.

 

«Кресшілерге» ел премьері Пашинянға қарсы төңкеріс жоспарлады деген айып тағылуда. Ел үкіметі жақын азаматтар аталмыш топты Ресейдің Армениядағы бірнеше ұйымы қаржыландырғанын айтады.

 

Алайда ел оппозициясы Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметі іске асырып жатқан операцияларға күмәнмен қарайды. Оппозиция өкілдері бұл Пашинян билігін сақтау әрекеті және өзінің қарсыластарын қудалау әдісі деуде.

 

2016 жылы Армения мен Әзербайжан Қарабақта 4 күндік ұрыс жүргізіп, Армения тарапы жеңіліс тапты. Сол сәтте Ереван көшелерінде билікке қарсы акциялар өтіп, «Сасна црер» ұйымы тіпті полиция казармаларын басып алып, бірнеше адамды атып тастаған болатын. Қазіргі саяси дағдарыс ол оқиғадан әлдеқайда қауіпті дейді сарапшылар. 2018 жылы сайлауда Пашинян билікке келіп, «Сасна црер» белсенділері түрмеден шықты. Олар Пашинянның одастасы және антиресейлік көзқарастағы партияға айналды. Алайда 2020 жылы Армения 44 күндік соғыста жеңіліс тапқан сәтте, аталмыш ұйым Пашинянға қарсы шықты.

 

Бүгін Армения қоғамын төңкеріс елесі кезіп жүр. Ереван алаңдары Ресейді қолдайтын, Батысты жақтайтын және Қарабақты тартып алуға үндейтін топтардың қақтығыс алаңына айналуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар