Астанаға келген қай Путин?

Путин қараша айының 9-ы күні Астанаға келіп кетті. Бірқатар келісімге қол қойып, мәлімдемелер жасады. Мұның бәрі рас, бірақ, күмән тудыратын жайттар да жоқ емес. Мәселен, сұрақты былай қояйық: Астанаға келген қай Путин?

1699609381628626.jpg

Қазан айының соңына таман БАҚ беттерінде Путиннің өлімі туралы қауесеттер тым көп тарады. Қазанның аяғындағы қауесттердің басында ресейлік тарихшы һәм саясаттанушы Валерий Соловей тұрды. Ол қазан айының 28-і күні украин журналисті, саяси сарапшысы Дмитрий Гордонға берген сұхбатында: «Владимир Путинді 26 қазанда Мәскеу уақытымен 20.42-де қайтыс болды», - деп мәлімдеп, Ресей диктаторының мәйітін Валдайдағы президент резиденциясының мұздатқышында жатқанын хабарлады.Қазан айының 30-ы күні 400 мыңнан астам жазылушысы бар «Генерал СВР» анонимді Telegram арнасында осы сөзді қайталады.

«Генерал СВР-дің» жазбасына қарағанда, Путинді емдеуге және реанимациялауға қатысқан медицина қызметкерлері Валдай резиденциясының аумағында біраз уақыт ұсталған. Бірақ РФ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің рұқсатынан кейін олар жария етпеу туралы келісім бойынша шартты түрде босатылған.  Олар Путиннің өлімі мемлекеттік құпия екенін айтады. Бұған қоса, енді Ресейді  Николай Патрушев басқаратынын жазған.

ПУТИННІҢ СЫҢАРЛАРЫ

Жалпы Владимир Путиннің сыңарлары бар екені туралы қауесеттер 2000 жылдары пайда бола бастаған.

Путин өзінің орнына сыңарларын жіберетіні туралы болжам болжам COVID-19 пандемиясы кезінде, әсіресе, Украинада кең ауқымды соғыс басталғаннан кейін күшейді. Бұған сол кездердегі Ресей Президентінің екіұшты мінез-құлқы себеп болған. Осылайша, ол ресми қабылдаулар кезінде қонақтарынан бірнеше метр қашық отырды. Мысалы, 2022 жылдың ақпанында Ресейге барған Франция Президенті Эммануэль Макрон мен Путиннің суреті желі қолданушыларының талқысына түскен.

1699609363996274.jpg

Бұрынғы КГБ офицері Сергей Жирнов та Путиннің сыңарлары бар екенін айтып сұхбат берген.

Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының бастығы Кирилл Буданов та Ресей Президентінің сыңарлары туралы сөз қозғаған. Ол блогер Сергей Ивановқа берген сұхбатында: «Кем дегенде үш адам мезет-мезет пайда болады», – деді.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков болса, бастығының тірі екенін айтып, оның сыңарлары туралы қауесеттерді жоққа шығарды.

Путиннің кешегі келуі – Халықаралық қылмыстық соттың Путинді тұтқындау ордерін бергеннен бергі шетелге жасаған үшінші сапары. Ол бұған дейін Қытай мен Қырғызстанға барып қайтқан.

Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутына қосылмағанн мемлекетпіз. Оны тұтқындай алмаймыз. Путин өзі Астанаға осыған сеніп келді ме, әлде ол өліп қалып, сыңары келді ме – бұл жағы бізге беймәлім. Дегенмен оның өлімі туралы ықтимал болжамдар жоғарыдағыдай.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар