Соғыс: Израиль әскерінің шығыны қанша?

Израиль әскері 7-қазаннан бері 349 сарбазынан айырылған. Бұл туралы Израиль премьер-министрінің кеңесшісі Дмитрий Гендельман мәлімдеді.


Армия обороны Израиля провела танковый рейд на севере сектора Газа

 

«Біз үшін әр сарбаздың өмірі маңызды, құнды. Әр сарбаз жеке мемлекет істпетті. Сол себепті де ұрыс қимылдарында біз өте мұқият әрі кәсіби әрекет етуге тырысудамыз», - дейді ол. Оның сөзінше Газа секторына кіріп, ұрыс салып жатқан сарбаздардың ішінде 32 адам көз жұмған. Ал 7-10 қазан аралығында Израиль аумағында қаза тапқан сарбаздар саны 317 жауынгерді құрайды. Осылайша Израиль әскері бір айда 349 жауынгерінен айырылды.

 

ХАМАС әскерінің шығыны жайлы Израиль нақты сандарды келтірмейді. 26-қазанда Израиль 2 мыңнан астам ХАМАС жауынгері қаза тапқанын мәлімдеген болатын.


Бүгінде Израиль әскері тек Газада емес, Иордан өзенінің батысындағы Палестина аумағында және Ливанмен шекаралас аймақтарда ұрыс салуда. Аталмыш бағыттарда да ЦАХАЛ әскери және техникалық шығынға ұшырауда. Израильдің әлемге мақтаулы болған Меркава танктері ұрыс даласында өзін тиімді көрсете алмады деген пікірлер айтылу үстінде. 

 

Әскери сарапшылар Израиль әскерінің шығынына күмәнмен қарайды және азайтылып көрсетілген деп санайды. Оның саяси және әскери жақтары да бай деп болжауда. Саяси тұрғыдан шынайы шығынды айту ел билігіне кезекті соққы болса, әскери тұрғыдан сарбаздардың рухына кері әсер етуі мүмкін дейді.

 

Батыстық сарапшылар Израиль әскеріне ең көп шығынды ХАМАС мергендері жасап жатқанын жазды. Газаның астында орналасқан жүздеген шағырымға созылған туннель желілері де Израиль әскері үшін аса қауіпті екені айтылуда. Бүгінде ЦАХАЛ Газа қаласының солтүстік бөлігін өз бақылауына алғанын мәлімдеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар