Жапония: Куриль біздікі! Позиция өзгермейді!

Жапония Куриль аралдарына қатысты ресми позициясын тағы да білдірді. Министрлер кабинетінің Бас хатшысы Хирокадзу Мацуно Куриль аралдары жапон халқының тарихи жері және оның бір бөлігі оккупацияда жатқанын айтты.


Армия Японии готовится к «звездным войнам»

 

«Солтүстік аймақтар біздің еліміздің тарихи, байырғы жері саналады. Ол аймаққа Жапония суверенитеті де жүретінін айтқымыз келеді. Бұл позиция мызғымас және өзгермейді», - деді. Ол Жапония Ресеймен бейбіт келісім жасау үшін, ең алдымен соғыстан кейін КСРО құрамына өткен төрт аралды қайтару мәселесі шешілу қажеттілігін айтты. Төрт арал ретінде Жапония Итуруп, Кунашир, Шикотан аралдары мен кіші аралдардан құралған Хабомаи аралдарын атайды.

 

Жапония Ресеймен ұзақ жылдар бойы Куриль аралдарының мәселесін шешу үшін келіссөз жүргізуде. Украинаға Ресейдің соғыс ашуынан кейін Токио антиресейлік позицияға ашық көшті. Бұл 2020 жылы Ресейде өткен конституциялық референдумға байланысты. Ресей жаңа конституция енгізіп, аралдарды беру мәселесін заңмен шектейтін өзгерістер енгізген-ді. Ресей мен Жапония соңғы рет Сингапурде бас қосып, аралдар бойынша бірқатар мәселені талқылаған еді. Алайда 2022 жылдан кейін бұл мәселе мүлде талқыланбады.

 

Жапон халқы үшін Куриль аралдары Әзербайжан үшін Қарабақ тақырыбындай идеологиялық маңызға айналды. Токио милитаристік саясатты алға жылжыту мақсатында, Куриль аралдары тақырыбын жиі қозғауда. Ал Ресейдің өзге елге шабуыл жасауы бүгінде әлемдік геосаяси ойындардың ережесін өзгертіп, «бір елдің жерін тартып алу дәуірін» қайта бастады дейді сарапшылар. Бүгінде Куриль мәселесін күшпен шешу қажет деп санайтын жапондар саны артқан. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар