1960 жылдардан бері қорғаныс және Ресеймен қарым-қатынас мәселелерімен айналысып келе жатқан Вашингтондағы Гудзон институты «Америка Украинаға көмектескеннен не ұтады?» деген сұрақтың жауабын таппақ болды.
Инстуттың есебінше, Американың көмегі туралы мифтерді жоққа шығаратын 13 тармақ бар. Ендеше сол 13 тармақты тізіп көрейік:
1. АҚШ-тың Украинаға беретін көрмегі Американың мүддесіне сай тағайындалады және оны Конгресс бекітеді. Америка Құрама Штаттары «ақ чектерді», яғни мақсатсыз сомалар бермейді. Шамамен 70 миллиард доллар АҚШ-тан ешқашан кетпеді және қорғаныс өнеркәсібіне инвестицияланды, 38 штатта жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл Еуропа елдерін АҚШ-қа тағы 90 миллиард сомаға әскери тапсырыстар орналастыруға ынталандырды.
2. Салыстырмалы түрде аз сомаға АҚШ Украинаның көмегімен стратегиялық жауының әскерін қарсы бір оқ атпай және өзіне бір оқ атқызбастан жеңе алды. Долбарлап есептегеннің өзінде, Ресейдің 300 мыңға жуық әскери қызметкері жараланып, қаза тапқан. Көзге іліккен дәлелдер 12 900 әскери техниканың жойылғанын растайды.
Дегенмен нақты сан әлдеқайда көп екені анық. Жарияланған уақытта оның ішінде 2 439 танк, 1 026 бронетранспортер, 2 977 жаяу әскер, 368 бронетранспортер, 917 артиллериялық қондырғы, 201 зымырандар жүйесі, 93 ұшақ, 132 тікұшақ болды. 16 кеме, соның ішінде Ресей Қара теңіз флотының флагманы «Москва» және «Ростов-на-Дону» сүңгуір қайығы жойылды немесе зақымдалды.
3. Еуропаның Украинаға әскери, экономикалық, гуманитарлық көмегі және босқындарға көрсетіп жатқан көмегі Американікінен екі есе көп.
4. Ресей әлсіресе немесе жеңілсе, Қытайдың әлсіреуі мүмкін. Бұл Тайван қауіпсіздігінің күшеюіне әсер етеді.
5. Ресейдің Еуропаның тұрақтылығына нұқсан келтіру әрекеті Америка экономикасына соққы беріп жатыр. АҚШ пен Еуропа – бір-бірінің ең ірі экспорттық нарығы.
6. Орыс-украин соғысы Американың әскери-өнеркәсіп кешеніндегі мәселелерін әшкереледі және Американың қару-жарақтарын нақты ұрыста сынауға мүмкіндік берді.
7. Американың Украинаға қару-жарақ жеткізуі АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы мүмкіндіктерін әлсіретпейді. Ол жерде Джавелиндер мен Стингерлер емес, торпедалар, Томагавктар және теңіз миналары қолданылады.
8. Украинаның мәселелері Тайваньның қорғаныс қабілетіне АҚШ заңгерлерінің назар аударуын арттырды.
9. Американың басты қарсыластары – Иран мен Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғыста Ресейге көмектесіп жатыр. Ресей ХАМАС-ты қолдайды.
10. Украинадағы соғыс Америка үшін жаңа «шексіз соғыс» емес. АҚШ қақтығысқа қатысып жатқан жоқ, Американың бірде-бір сарбазы Украинада соғыспайды.
11. Бұл – Ресейге қарсы прокси соғыс емес. АҚШ Украинаға өзін өлімнен қорғауға көмектесіп жатыр. Ресей соғысуын тоқтатса, соғыс тоқтайды, Украина соғысуын тоқтатса, Украинаның өмір-сағаты тоқтайды.
12. Украина жеңіске жетуі үшін әскери ғана емес, экономикалық көмекті де алуы керек.
13. Украинаға көмек Американың әр үй шаруашылығына жылына 900 доллардан түседі деген мәлімдеменің шындыққа еш қатысы жоқ. Әртүрлі кіріс топтары федералдық салықтарды прогрессивті шкала бойынша төлейді, сондықтан 42,3 % толық мөлшерлемені төлейтін ең бай халыққа түсетін жүктеме ең аз төлейтіндерден ерекшеленеді - 2,3 %.
Баға мен қол жеткізілген мақсаттар арасындағы тепе-теңдіктің оң екені анық. Сонымен, Америка Украинаға инвестиция салудан тек пайда көріп отыр деп толық сеніммен айтуға болады.
Mezgil.kz