Газадағы қырғын: Ауруханадағы өлім мен өмір күресі

ХАМАС пен Израиль әскері арасындағы соғыстың басталғанына бір айдан асты, соғыс заңдылығы бойынша соққы жасалмауға тиіс нысандардың бірі – аурухана. Алайда Газадағы бірнеше ауруханаға соққы жасалған.

 

Соғыс басталған сәттен бастап, Газадағы 36 медициналық нысанға соққы жасалған. 22 аурухана қирап қалған. ДДСҰ мәліметі бойынша кей аурухана соққы жасалғанына қарамастан қиын жағдайда жұмыс істеп тұр. Израиль билігі бұған дейін халықты ұрыс қимылдарына байланысты Газаның солтүстігінен оңтүстігіне кетуге шақырды. Оның ішінде дәрігерлер мен науқастар да болуы тиіс деді.


Больницы Газы не справляются с потоком раненых и погибших

 

«АШ-ШИФА» АУРУХАНАСЫ

 

Аш-Шифа – Газаның Римал ауданында орналасқан ең үлкен аурухана саналады. Соғыс қимылдары басталған сәтте, аурухана тұрғындардың бас сауғалайтын мекеніне айналды. Ондаған мың адам аурухана ғимараттарында бомбалаудан сақтануға мәжбүр болуда.

 

БҰҰ мәліметі бойынша Газада Израиль әскері құрлық әскери операциясын бастаған сәттен кейін, ауруханаға жасырынған халық Газаның оңтүстігіне қарай кете бастаған. ХАМАС ұйымының ақпаратынша қазір «Аш-Шифа» ауруханасында 650 науқас, 500 медицина қызметкері және 2500-ге жуық босқын бар.

 

Қазіргі уақытта ДДСҰ ақпаратынша «Аш-Шифа» ауруханасындағы жағдай нашар. Медициналық аппараттар өшірілген, себебі оларды іске қосатын жанармай қоры таусылған. Салдарынан бірнеше науқас көз жұмған. Израиль тарапы ауруханаға жанармай жеткізгенін, алайда оны дәрігерлер емес, ХАМАС сарбаздары иемденгенін айтуда. ДДСҰ басшысы Теодор Гебреисус ауруханадағы жағдайды «өте қиын, апаттық деңгейде» деп жазды. Ол «адам өмірін құтқаруға тиіс саналатын мекемелер, өлім мен хаос, үрей орталығына айналып жатқанына әлем көз жұма қарамауы қажет» деді.

 

Дүйсенбі күні Израиль әскері «Аш-Шифа» ауруханасын толық қоршауға алғаны хабарланды. Израиль аурухананың астында туннельдер желісіне апаратын бірнеше жолдың барын айтып отыр. ЦАХАЛ «ХАМАС жасақтары науқастар мен дәрігерлерді, босқындарды қалқан етуде» деп жазды, алайда ХАМАС бұл ақпаратты жоққа шығаруда.

 

Израиль науқастар мен дәрігерлердің ауруханадан кетуі керектігін айтуда. Бүлдіршіндерді эвакуациялауға ЦАХАЛ-дың арнайы қызметі дайын екендігі жайлы үнпарақ таратылуда. Дүйсенбі кешкісін ЦАХАЛ аурухана алдына генераторларды іске қосуға қажетті 300 литр жанармайды жеткізген. Алайда жанармай аруханаға кіргізілмеді. ХАМАС «бұл тұзақ, аруханадан шыққан сәтте, Израиль әскері оқ жаудырады» деп жазды. Израиль ол мәлімдемені жоққа шығарып отыр. Ал «Аш-Шифа» аруханасының қызметкерлері 300 литрдің түкке жетпейтінін, аурухана жұмысына сағатына кемі 500 литр жанармай кететінін айтуда.

 

Врач больницы Газы: В анклаве всюду царят страх и ужас - Российская газета


ӘЛ-ҚҰДЫС АУРУХАНАСЫ

 

Әл-Құдыс – Газадағы екінші үлкен арухана саналады. Аурухананың жұмысы өткен аптада тоқтады, себебі жанармай қоры толық таусылды. ДДСҰ ол туралы былай деді: «Израиль әскерінің бомбалауы мен аймақтың құрсауда қалуына байланысты, аурухананың жұмысы толық тоқтады. Науқастар, дәрігерлер мен ондағы босқындар тағдыр тәлкегіне тасталды», - деді.

 

Қызыл Крест ұйымының қызметкерлері дүйсенбі күні ауруханаға жақындауға тырысқан, алайда ХАМАС пен Израиль әскерінің ұрыс қимылдарына байланысты ауруханаға жақындай алмаған. Аурухана ішінде әлі де мыңдаған адам азық-түліксіз, сусыз, жарықсыз отыр. Оларды эвакуациялау әзірге мүмкін болмай тұр.

 

 Красный Крест: Больницы Газы из-за блокады могут превратиться в морги


«РАНТИСИ» ЖӘНЕ «ӘЛ-НАСР» АУРУХАНАЛАРЫ

 

Газа аймағындағы балаларға арналған «Рантаси» ауруханасы мен оның жанында орналасқан «Әл-Наср» медициналық орталығы да соғыс басталған сәттен бастап босқындар мекеніне айналды. БҰҰ мәліметінше аталмыш орталықтардан науқастар мен босқындарды, дәрігерлерді эвакуациялаудың мүмкіндігі туған. Қазіргі сәтте ауруханаларда бірнеше қызметкер мен науқас қана қалып отыр.

 

«Рантаси» ауруханасында Газа бойынша жалғыз обырды зерттеу орталығы болған. Израиль әскері аурухана маңында ХАМАС-тың қолбасшысы саналатын Ахмед Сиамды жойғанын айтты.


Все больницы сектора Газа разрушены полностью или частично - Газета.Ru |  Новости

 

Қазіргі уақытта Мысыр, Түркия, Сауд Арабиясы мен Катар Мысыр жерінде далалық ауруханаларды орналастыру жағын қарастыруда. Газаның Мысырмен шектесетін тұсында БАӘ 150 адамға арналған далалық аурухана орналастырды. Ал Иордания Газа аумағында «Газа-76» далалық ауруханасын салған. Франция Газа маңына жақын аймаққа медициналық кеме жіберіп, аурухана қызметін ұсынуға тырысуда. Газадағы ауруханаларға медициналық көмек кейде Израиль әскерімен келісе отырып, әуеде парашют арқылы жеткізілуде. Мысыр Газадан 15 шақырым жерге далалық ауруханаға орналастырды және Газадан шығарылатын ауыр жарақат алғандарды Израиль әскерімен келісе отырып ауруханаға жеткізу жұмысын бастады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар