Халық саны: 20 миллионға жеттік! Ендігі меже - 30 миллионды еңсеру!

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Ақжолтай жаңалықты Мемлекет басшысы жар салып, ел азаматтарына құтты болсын айтты.

1700117661446303.jpg

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев X желісінде.

1700116703922312.jpeg

Естеріңізге сала кетейік, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы халық санағы 1999 жылдың 25 ақпаны мен 4 наурызы аралығында өткен. 2000 жылдың аяғында елдің алғашқы санағының негізгі нәтижелері жарияланды. Санақ қорытындысы бойынша, ҚР-ның халық саны 14, 953,126 адамды құрады. Мұның 7 985 039-ы қазақ еді.

Екінші санақ 2009 жылы ақпан айының 24-25 күндері аралығында жүргізілді. Санақтың алдын ала ресми қорытындысы 2010 жылдың 4 ақпанында ҚР Мемлекеттік статистика комитетінің сайтында жарияланды. Оның нәтижесінде, Қазақстан халқының жалпы саны 16 009 597 адамды құрағаны белгілі болды. Қазақтардың саны 10 096 763-ке жетті.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі үшінші санақ 2021 жылы жүргізілді. Санақтың қысқаша нәтижелері 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Ұлттық статистика бюросының сайтында жарияланды.  2021 жылы жүргізілген халық санағы ҚР азаматының саны 19 186 015 екенін айғақтады. Мұның 13 497 891-і елді құраушы ұлт – қазаққа тиесілі.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар