Майдан-3 операциясы. Зеленский: Ресей Украинада билік төңкерісін жасамақшы...

Жақында әлемдік БАҚ беттері Украина билігінің өзара келіспеушіліктері туралы белсенді жаза бастады. Атап айтқанда, олар Зеленский мен жоғары әскери қолбасшылық өкілдерінің арасындағы қайшылықтарға назар аударады.

1700215174672649.jpg

Бұған себеп те жоқ емес. Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, генерал Валерий Залужный бұған дейін Киевтің шабуыл стратегиясын сынаған мақала жазып, оны британдық «The Economist» журналы жариялаған.

Украина президенті Владимир Зеленский кеше шетелдік баспасөз өкілдерімен кездесіп, бірқатар сұраққа жауап берді. Кездесу барысында жоғарыдағы мәселелер де айтылды.

Зеленскийдің айтуынша, елде төңкеріс жасап, өзін орнынан түсіріп, Украина басшылығына «ыңғайлы» адамды қою үшін Ресей «Майдан-3» операциясын дайындап жатқан көрінеді.

Сондай-ақ, ол Ресейді «Украинаның берекетін қашыру, яғни, тұрақсыздандыру әрекетін жасап жатыр» деп айыптады.

«Біз мұндай ақпаратты барлау қызметтерімізден және серіктестерімізден аламыз», – деді Украина басшысы.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар