Еуромайданның 10 жылдығы: Кімді кім өлтіреді? Зеленский Путин жайлы не дейді?

«Суға кеткен тал қармайды» деген сөз Путиндік режімге қарата айтылғандай. Олар жұртқа саясаткер емес, әзілкеш ретінде танылған Зеленскийдің Украина президенті атануын өздеріне бағынышты БАҚ беттерінде әзіл-әужәмен көсілте жазғанын жақсы білеміз.

1700560843460280.jpg

Бірақ өздерін бір жарым жылдық соғыс батпағы мен санкция қақпанына түсірген Украина президенті Зеленскийдің оңай шағылмайтын жаңғақ екенін түсінген сәтте бармақтарын тістеді.

Бұрын «сайқымазақ» деп таныған жан, енді империяшыл Ресей саясаткерлері үшін «сайтанға» айналып шыға келді. Құзіреті күшті орыс барлауы Зеленскийді тақтан құлату үшін «Майдан-3» операциясын ойластырып, оны сәтімен жүзеге асыру үшін жанталасу үстінде.

Жақында президент Зеленский британдық «The Sun» басылымына берген сұхбатында Ресейдің Украинада билік төңкерісін жасауды жоспарлап жатқаны жайлы айтты.

1700560547509541.jpeg

ЗЕЛЕНСКИЙ: РЕСЕЙ УКРАИНАДА БИЛІК ТӨҢКЕРІСІН ЖАСАМАҚ...

Енді оның осы сөзін келтіре кетейік: «Ресей бұл операцияны 2023 жылдың аяғына жоспарлаған. «Майдан-3» деп аталады. Мақсаты: Мені тақтан құлату. Өлтірмеуі мүмкін, бірақ кез келген инструментті қолдануға қамданып жатыр», - деген Зеленский одан ары соғыс басталғалы-бері өзіне сан мәрте қастандық жасалғанын, тіпті санынан жаңылғанын баса айтты.

«The Sun» басылымы тілшісінің: «Украинада Путинді өлтіруге мүмкіндік туа қалса, пайдаланар ма едіңіз?» деген сұрағына Зеленский: «Бұл соғыс. Украина өз жерін қорғаудың барлық амал-айласын қолдануға хақылы», - деп жауап берді.

Осы сұхбат барысында Майдан турасында біраз сөз болды. Өйткені, биыл «Еуромайданның» болғанына аттай 10 жыл толады. Тарихтан жақсы білеміз 2013 жылдың қарашасында президент Виктор Янукович еуроинтеграция туралы келісімге қол қоймағандықтан елде халықтық шерулер орын алды. Ақыры елі емес, Ресей үшін Украина тағын иеленген президент Виктор Януковичтің етегі кесіліп, елден қуылды. Ресей осы саяси дағдарысты сәтімен пайдаланып, Қырымды аннекциялап, Донбассты дүрбелеңге ұрындырды. Ақыры бұнысымен тынбай, 2022 жылдың ақпанында Украинаға баса көктеп кірді.

1700560670592848.jpg

ЕУРОМАЙДАННЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ

Президент Зеленский осы турасында: «Он жыл бұрын украиндықтар өзінің алғашқы қарсы соқысын жасады», - деп жауап берді «The Sun» басылымы тілшісіне.

Еуромайданның он жылдығына қатысты аталып өтетін мереке азаттық күніне орай, Украина президенті Владимир Зеленский ел халқына Үндеу жолдады. Онда Зеленский: «Он жыл бұрын украиндықтар өздеріненің еркінен тыс жасалған заңсыздыққа, еуропалық болашағынан айыруға қатысты өзінің алғашқы қарсы соқысын жасады. Он жыл бұрын адамдар әлдекімге қарсы біріккен жоқ, өздерінің жарқын болашағы үшін бірікті. Әркім өзін ғана емес, өзгені де қорғады», - деп сөйледі.

Оның ойынша осы уақыт ішінде украин халқы еуроынтымақтастықты еңсеріп, оның барша сатысынан сүрінбей өте білді. «Біз жүріп жатқан соғысқа қарамай, ЕО-ның толық құқылы мүшесі болудың аз-ақ алдында тұрғандықтан, біз тек өзімізді ғана емес, Еуропаны да қорғап жатырмыз», - деп сөзін түйіндеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар