Тарихқа көз жүгіртсек, Отан қорғау жолында өз өмірін сарп еткен әйелдер жетерлік. Дүниежүзі тарихына үңілсек, Тұмар патшайымнан бастау алатын тізбек ұзаққа созылады.
Бүгінгі таңда әлем бойынша әскер қатарында қызмет етіп жүрген әйелдер туралы ақпараттар БАҚ беттерінде аз жарияланып жүрген жоқ. Бірақ олардың саны немесе өзге де толығырақ ақпарат әскери құпия болып есептеледі.
Осы тақырыпты қозғаған себебіміз, Украина қарулы күштерінің сапындағы әйелдер туралы айтпақпыз.
Қазіргі уақытта Украина әскері сапындағы әскери-әйелдердің саны әжептәуір өскен. Мәселен, ашық деректерге сүйенсек, 2014 жылы УҚК қатарында 49 926 әйел, оның 16 557-сі әскери қызметкер болған. Ал 2023 жылдың қазанындағы есеп бойынша, Украина армиясындағы әйелдердің саны 62 мыңнан асқан, оның 43 мың жарымнан астамы әскери борышын өтеп жатқан сарбаздар.
«Military Media Center» дерегінше, Украина армиясында 5160 әйел басшылық лауазымды қызмет атқарып жатқан көрінеді. Тарқатып айтсақ, дәл қазір Украинада офицер мен сержант, старшина шені бойынша: 7709 әйел офицер болса, 11 732 адам сержант, старшина шенділер саналады. Ресей жасаған басқыншылыққа қарсы соғысып жүрген немесе қатысқан қыз-келіншектер саны 13 487 адамға жетіп жығылады.
«Тұмар патшайымның сіңлілері» біздің елімізде де баршылық. Мәселен, деректерге сүйенсек, 2020 жылы Қазақстандағы 850 әйел офицер атағына ие болған, 7 500-ден астам қыз-келіншек келісімшарт бойынша қызмет еткен.
Бұл санның жыл өткен сайын арта берері сөзсіз. Ермен қатар тәуекелге бас тігіп, елін қорғау жолында қызмет етіп жүрген жаны нәзік жандар қандай құрметке болса да лайық!
Mezgil.kz