ҰҚК басшысы Ташиев: 2026 жылы криминал болмайды. Бәрін жоямыз!"

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиев Жоғорғы Кенеште сөз сөйлеп, Қырғызстанда қылмыс әлемімен нақты күрес басталғанын жария етті.


Камчыбек Ташиев рассказал о деталях соглашения о делимитации границы между  Кыргызстаном и Узбекистаном

 

«2026 жылы Қырғызстанда криминал болмайды, толық жойылады. Елді Райымбек Матраимов та, Дженго да басқармайды. Мен уәде беремін», — дейді Қамшыбек Ташиев.

 

Оның сөзінше ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері өте тиімді әрекет етіп, алға қойылған міндеттерді толық орындауда.

 

«Бұрын Қырғызстанды демократия аралы деп атайтын, енді біз қылмыс әлемімен күресті бастап, қылмысты жойып, Қырғызстанды заң үстемдік құрған аралға айналдырамыз. Қазір біз қылмыспен күресе отырып мемлекетке 200 млн доллардың қаржысы мен мүлкін қайтарып бердік. Мемлекетке криминал әлемінің серкелері өз ордасына айналдырған «Айпері» салонын қайтардық. Аталмыш ғимаратты 20-25 млн долларға бағалап отыр. Таш-Құмырдағы «Кристалл» зауыты да ұйымдасқан қылмыстық топтың иелігіне өтіп кеткен. Барлық табыс пен кіріс бар кешендерде қылмыс әлемінің серкелеріне берілетін үлес бар. Күні кеше ғана Қамшы Көлбаев 10 млн доллар қаржы құйған кешенді таптық. Оның жақтастары бұл қаржыны қайтарды. Біреу 12 млн доллар қайтарды, енді бірі 30 млн доллар қайтармақ. Бұл барлық қаржыны ҰҚК-ның арнайы есепшотына аударамыз. Менің қызметкерлерім одан бір тиын да алмайды. Егер кімде кім бұйрығымды бұзса, бірден жұмыстан шығарылады. Кеше өзімнің үш қызметкерімді жұмыстан шығардым. Олардың бірі 28 мың доллар пара алса, енді бірі инвесторға 82 мың доллар беруге қатысқан», - дейді ол.

 

Ташиев баяндама барысында министрлер кабинетінен қаржы сұрады. Ол өз қызметкерлерінің айлығын ұлғайтуды көздейтінін айтты.

 

«400 млн сомға жуық қаржы сұрап отырмыз. Ал өзіміз мемлекетке млрдтаған қаржыны қайтарып жатырмыз. Маған байлық та, мансап та керек емес. Маған елімізде заң үстемдігі орнағаны қажет. Мен қылмыс әлемінің серкесі Дженгоның өз әрекетін ары қарай жалғастырмауын қамтамасыз етемін. Ол камера алдында енді криминалдық жолға түспейтінін айтты, алайда ол тек сөз болып шықты. Өзінің заңсыздығын жалғастыруда. Мен қылмыс әлемімен күресуге екі жыл дайындалдым. 2026 жылы барлығы да бізде жақсы болады, қылмысты жоямыз», - дейді Ташиев.

 

Қазан айының 4-інде Қырғызстандағы қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаев өлтірілді. Ақпарат көздері арнайы операция барысында оққа ұшқанын айтты. Артынша ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев елде ұйымдасқан қылмыстық күресті жою операциясы басталғанын айтты. Қырғызстан президенті Қамшыбек Ташиевтің және оның жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше қорғауға алынғанын мәлімдеді.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар