Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан билігі Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар беретінін жария еткен еді. Израииль-ХАМАС текетіресіне қатысты Қазақстан билігі осыған дейін бірнеше мәрте ресми мәлімдеме жасап, «екі халық – екі мемлекет» формуласын қолдайтынын білдірген. Бұл туралы сайтымызда жаздық осыған дейін жаздық.
Жақында Минскіде өткен ҰҚШҰ саммитінде өзіне сөз тиген шақта Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль-ХАМАС (Құдыс) қақтығысына қатысты тағы ресми мәлімдеме жасады.
(Сурет Ақорда сайтынан алынды)
«Таяу Шығыстағы конфликт өз құрдымына баршаны тартып, теңдесі жоқ ақпараттық-идеологиялық қарсы тұруды туғызып отыр. Газа секторындағы жағдай әлемдік қауымдастықты қаққа жарды. Соғыс өрті барша елдер мен құрлықтарды шарпымас үшін тоқтауымыз керек», - дей келе, БҰҰ бас болып, Құдыстықтардың құқығын қорғау үшін «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы түйінделуге тиістігін алға тартты.
Одан ары:
«Қалыптасып отырған шиеленісті жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциялары мен халықаралық құқық нормалары сақталуға тиіс», - деді.
Таяу Шығыстағы конфликт жайында саясаттанушы Данияр Әшімбаев та сұхбат берді. Расында осы қақығыс ел арасында кең талқыға түспесе де, жұрттың бәрі бұны бітіп болмайтын текетірес деп санайтындығын алға тартқан саясаттанушы, өз пікірін былайша түйіндеп береді: «Теледидар мен әлеуметтік желідегі арналардан жұрттың көретіні екі жақтың да бейбіт тұрғындар арасында қанды қасап жасап жатқандығы, сондықтан кейбіреу үшін қос тарап та әділетсіз соғыс жасап жатыр.
Дін жағындалар – Құдысты, ал, бизнес жағындалар – Израильді ашық жақтау көрініс берген. Ал мемлекетіміз бейтарап саясат ұстанып отыр», - деп сөзін түйіндейді Данияр Әшімбаев.
Катардың арқасында қол жеткізілген 4 күндік бітім өз жалғастығын тауып қалуы әбден ықтимал. Енді Катарға Мысыр қосылып, бітімді созу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Бұл туралы Израиль премьері Бенямин Нетаняху айтты.
Батыс та өз тарапынан бітімнің созылуы үшін алғашқы қадамын жасады. Бұл қадам Нетаньяху мен Байден арасындағы сөйлесу. Осы сөйлесудің қалай өткені жайлы түсінік берген Нетаньяху: «Газа секторындағы бітімді созып қалуымыз ықтимал», - деп мәлімдеді.
Бұлай екіұшты мәлімдеме жасаудың астарында әсіре, ұлтшыл жөйіттік партиялардың тамырын басу жатса керек?..
Сөйтіп, 4 күндік бітімнің соңғы күні туды. Бүгін тараптар келісім бойынша босатылуы керек тұтқындардың соңғы легін жіберуі керек. Келісім бойынша ХАМАС Израильдің 50 тұтқынын, Израиль 150 Құдыстық тұтқынды босатуы тиіс. Осыған дейінгі 3 күнде ХАМАС 39 Израильдік тұтқынды, Израиль 117 Құдыстық тұтқынды босатты. Енді қалғаны 11 Израильдік және 33 Құдыстық тұтқын кісеннен шығуы тиіс.
Mezgil.kz