Француздық «Dassault Aviation» әуе компаниясы Қазақстан мен Өзбекстанға «Rafale» жойғыш ұшақтарын жеткізу мүмкіндігін пысықтап жатыр. Бұл туралы Францияның «La Tribune» басылы хабарлады.
Басылым дерегіне сүйенсек, Эммануэль Макрон қараша айының басында Астана мен Ташкент барған сапарында әскери ұшақтарды жеткізу тақырыбы айтылған.
«Бірнеше дереккөз «Dassault Aviation» Франция бірнеше ай бойы екіжақты қарым-қатынастарын тереңдеткісі келетін осы екі Орталық Азия еліне кіруге белсенді түрде ұмтылып жатқанын растады», – деп жазады «La Tribune».
«Rafale» ұшағы – көп мақсатты жойғыш ұшақ. Француз әуе күштері оларды 2004 жылы қолдана бастады. Бұл қару түрі Египет, Катар, Үндістан және Грекияға да жеткізіледі.
Эммануэль Макрон 1 қарашада Қазақстанға келді. Оның сапары барысында Қазақстан Республикасына «Ground Master 400» әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жеткізу туралы келісімге қол қойылған.
Mezgil.kz