Ресейге бағыт: Қырғызстан-Өзбекстан Қазақстанды айналып өтпек

Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей билігі «Қырғызстан-Өзбекстан-Каспий теңізі-Ресей» бағыты бойынша жаңа маршрутты ашуға келісті. Аталмыш маршрутты қалыптастыру және іске асыру бойынша меморандумға 2023 жылдың 1-қарашасында үш елдің көлік және транспорт министрліктері арасында қол қойылды.


Строительство «Южного транспортного коридора»: что это даст РФ

 

Меморандумға қол қою рәсімі Ташкентте өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аясындағы алғашқы транспорттық форумда іске асты.

 

Қырғызстанның транспорт және коммуникация министрлігінің ақпаратынша Қырғызстан жеріне жүк жеткізу және Қырғызстаннан жүкті Ресейге жіберу Өзбекстан аумағын басып өткен соң, Түркіменстанның «Түркіменбашы» порты арқылы іске асады. Ал Түркіменстан аумағында жүк теміржол және жүк көліктері арқылы тасымалданады. Түркіменстан аумағы бұл маршрутта қолданылса да, Түркіменстан билігі ресми жобаға қосылған жоқ.

 

Жол ұзақтығы мен Каспийдегі ауа-райына байланысты Ресейге Қырғызстаннан жүк жеткізу 5-9 күнді құрайды деп жоспарлануда. Аталмыш маршрутты іске қосу үшін тиісті инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүргізілуде.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар