«КСРО мұрагерлері» сотталды: Бірі - Бахмутта соғысқан. Енді бірі - Қазақстанды мойындамайды....

Биылғы көктемде «Қазақстаннан тәуелсіздік алғанымызды жариялаймыз» деген Қызылжардағы «қызыл империяның мұрагерлері» бас бостандығынан айырылды. Олар сол уақытта өзін қарапайым еңбек адамдарымыз деп таныстырып, «халық кеңесін құрғанын» хабарлаған. Сөйткен «халқы» – жоғарыдағы сөзді дұрыс деп есептейтін, ел ішіне іріткі салуды көздеген арандатушылар.

1701244963281470.jpg

Көп ұзамай оларға «сепаратизм» бойынша айып тағылған. Кеше сол «жер астынан шыққан жікке» үкім оқылды.

1701244546107210.jpg

(Сепаратистік «халық кеңесін» құрғандар)

Желгілікті БАҚ-тың таратқан ақпараты бойынша, «Халық кеңесіне» мүше болған 19 адамның ең белсенді 4-еуі сотқа тартылған. Олар: «Кеңесті ұйымдастырушы» деп 40 жастағы автослесарь Вячеслав Зудерман, өзін-өзі жұмыспен қамтушы 40 жастағы Елена Болдырева, 52 жастағы мұғалім Мадина Қапарова, 37 жастағы саудагер Ольга Бережнова. Тергеу Бережнова «кеңес» мүшелеріне куәлік пен символика дайындап, декларациясын оқыды дейді.

Арандатушы топтың басқа мүшелері сотқа куәгер ретінде қатысты. Сот үкіміне сай, Зудерман 9 жылға, Болдырева, Қапарова, Бережнова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сот төрт адамды «Қазақстанның конституциялық құрылымын күштеп өзгертуге үгіттеді» және «сепаратизм» айыптарымен кінәлі деп тапқан. Зудерманға «заңсыз қару сақтады» деген де айып тағылған.

Сотталушылар, әрине, өзіне тағылған айыпты мойындамай, түлкібұланға салды. Бірақ ақталу үшін айтылған сылтаулардың бірі де үкімге әсер еткен жоқ.

1701244614126081.jpeg

(«Қазақтар қырылып қалыңдар» деген Свириденко)

Тақырыпқа тұздық: Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты тағы бір «қызыл империяның мұрагерін» соттады. Ол тамыз айының 7-сі күні «TikTok» әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақ ұлтының намысын аяқ асты ететін, ұлтаралық араздықты қоздыратын мәлімдеме жасаған.

Сот: «Свириденко (Меркулова) Наталья Валентиновна ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінде (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», – деді.

1701244688474508.jpeg

Бүгін Отанға опасыздық жасаған тағы бір адам сотталып, темір торға тоғытылды. Ол Қарағандылық «басқыншы» – Алексей Шомполов деген 34 жастағы Қазақстан азаматы.

«Вагнер ЖӘК» сапына қосылып, Украинаға қарсы соғысқан Шомполов Қарағанды облысындағы Топор кентінің адамы екен. Сот оны 6 жыл 8 айға түрмеге тоғытты. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 170 бабы бойынша (жалдамалы жендеттік) айып тағылған.

Сот мәліметінше, Топардың «тұрғыны» 2023 жылдың наурызында әлеуметтік желіден Вагнердің жарнамасын көріп, әскери компанияның құрамына қосылған. Ресейге барып, алғашқы дайындықтан өткен. Сосын сәуірдің соңында Бахмутқа барып соғысқан.  Сол жақта соғысып жүріп жарақат алып, комиссияланған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар