Батыс елдері Орталық Азия елдерінің егемендігін қолдайды

Батыспен байланыстың күшеюі ежелден Ресей мен Қытайдың ықпалында отырған Орталық Азия елдерінің егемендігін сақтауға көмектеседі. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Politico басылымына берген сұхбатында айтқан.


Нормативная сила Евросоюза в Центральной Азии - CABAR.asia

 

«ЕО, АҚШ және Батыс елдері Қазақстанның және Орталық Азияның басқа елдерінің маңызын мойындады, қазір тіпті қарым-қатынасын бекіте түскен. Орталық Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның әлемдегі барлық басқа серіктестермен қарым-қатынасындағы ықпалын нығайтуға көмектеседі», -деді ол.

 

Ол сондай-ақ Қазақстанның Ресей және Қытаймен қарым-қатынасын дамыта беретінін атап өтті.

 

Сейсенбі күні Еуропалық Парламенттің Сыртқы істер комитеті Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалының әлсіреуін ескере отырып, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен өзара іс-қимылды жандандыруға шақырған баяндаманы қолдады.

 

«ЕО енді аймақпен байланысын кеңейтуге және анағұрлым ықпалды рөл атқаруға мүмкіндік алды», — деді комитет мәлімдемесінде. Сонымен қатар,  бұл жоспар «Ресей мен Беларуссияның санкцияларды айналып өту үшін аймақты пайдалануын азайтады» дейді мәлімдемеде.

 

Брюссельдің Санкциялар жөніндегі елшісі Дэвид О'Салливан осы аптада Қазақстан келеді. Онда Ресейге жеткізуге тыйым салынған тауарлардың шекара арқылы өтпеуін қамтамасыз ету бойынша талқылау болады.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар