Ресей депутаты: Қазақстан заңсыз құрылған ел! Олар НАТО-ға кірмеуі қажет

Ресейдің МемДума депутаты Евгений Федоров Қазақстанға қарсы тағы да арандатушы мақсаттағы мәлімдемелер жасады. Ол Қазақстандағы сот жүйесінің сепаратизм бабымен бірнеше азаматқа үкім шығаруынан кейін пікір білдірген. Өз пікірін ресейлік депутат Газете.Ru сайтына берген.


Masa Media | Российский депутат заявил, что РФ придется воевать со всеми  бывшими республиками СССР - Издание о политике, правах и законах Казахстана

 

«Мен үнемі әлемдік саясатты халықаралық заң үстемдігі аясында қарастырамын, оны үнемі айтып келемін. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  халықаралық заңдық жүйе орнады. Халықаралық құқық тұрғысынан алып қарасақ Қазақстан КСРО құрамынан заңдық процедуралар негізінде шыққан жоқ. Бұл заңды факт. Демек заң тұрғысынан алып қарасақ, Қазақстанды заңсыз аймақ деп қарастыруға негіз болады. ҚазССР-дің өзі мемлекет ішіндегі мемлекет еді. Оның статусы мен айтарлықтай жоғары құзіреті де болған жоқ. Мен Ресей халықаралық құқық негізінде аумақтық тұтастық позициясына оралып, тәуелсіз Қазақстанмен халықаралық құқық талап ететіндей бірқатар геосаяси шектеулер негізінде қатынас орнатуы тиіс деп санаймын. Менің ойымша олардың мемлекет құру құқығы бар. Бірақ қандай шектеулер болуы керек? Мысалы НАТО-ға кірмеу, антиресейлік әскери құрылымдарға мүше болмау сынды шектеулер болуы қажет», - дейді ол.

 

Евгений Федоровтың ойынша Қызылжар соты соттаған «Еңбекшілердің халықтың кеңесі» мүшелерінің әрекеті сепаратизм емес, экстремизм дейді. Ол бұл істі Қазақстанның ішкі мәселесі деп санайтынын айтты.

 

Евгений Федоров Қазақстанға қатысты арандатушы сөздерді айтумен аты шыққан ресейлік депутат саналады. Ол ұзақ уақыт бойы «Қазақстан жерінің басым бөлігі Ресейге тиесілі» дегенді айтумен келеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар