Қытайда "құпия індет" өршуде: Ауруханалар балаларға толды

Әлемдік БАҚ Қытайдың бірнеше ірі қаласында тыныс тарылу, демігу және жөтел мен температура көтерілу белгілері бар құпия аурудың тарап жатқанын жазуда. NTD арнасы өзінің China in Focus бағдарламасында аталмыш ауруға қатысты алғаш мәрте хабардар етіп, аурудың балалар үшін қауіпті екенін ескертті.  


Число жертв коронавируса в провинции Хубэй возросло до 1068 человек — РБК

 

«Қытай міне бірнеше ай бойы құпия негізде өршіп кеткен тыныс алу жолын зақымдайтын індетпен күресуде. Қытайдағы ауруханалар балаларға толы. Дәрігерлер аурудың нақты қайдан шыққанын және неге жылдам арада балалар арасында тарап жатқанын дөп басып айта алмауда», - дейді арна зерттеуіндегі бағдарламада.

 

Қытайлық дәрігерлер аурудың негізгі белгісі аса жоғары дене температурасы дейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан ауруға қатысты нақты ақпараттар беруін талап етуде. Ресми Бейжің ауруды «маусымдық тыныс алу ауруларының қозуы» деп түсіндіруде.

 

Ауруды жұқтырғандар саны Қытайдың солтүстік аймақтарында басым. Бейжің мен Ляонин ауруханаларында орын тапшылығы сезіледі. Мектептердің бірқатары жабылып, қашықтықтан оқуға көшкен. Бұл туралы ақпаратты инфекциялық ауруларды қарастыратын халықаралық ProMED қауымдастығы жария етті.

 

Қытайдағы індетке байланысты әлемдік қауымдастық алаңдаушылық танытып, Бейжің шынайы ақпаратты жасырын ұстауы мүмкін деп күдіктенуде. Сарапшыларыдың бірқатары індетті COVID-19-дың жаңа мутациясы болуы ықтимал деген болжам жасауда.

 

«Індеттің қайдан шыққанын, жаңа індет пе әлде мутацияланған тұмау түрі ме, жалпы бұл аурудың не екенін анықтау үшін бізге көбірек ақпарат керек. Қытай блігі сынақ нәтижелерін беруі тиіс», - дейді ДДСҰ өкілі саналатын Крутика Куппалли The Sun басылымына берген пікірінде.

 

Калифорния университетінің аясындағы Генетика институты маманы, профессор Франсуа Баллу індетті «RSV вирусы немесе тұмау, мүмкін Mycoplasma pneumoniae бактериясы таратқан демікпе» деп болжады.

 

Қазіргі сәтте Қытай бойынша қанша адамның індетті жұқтырғаны және одан көз жұмғаны белгісіз. Бейжің ауруларды қадағалау және бақылау орталығы қазан айында 3500 баланың демікпе ауруына шалдыққанын айтты. Алайда қараша айы бойынша ақпаратты жария етпеді. Бейжің қаласы бойынша күніне мыңға жуық бала демікпе және тыныс жетіспеу белгілерімен дәрігерге шағымданып, хабарласуда дейді ақпарат көздері.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар