Қазақстандағы апаттар: КСРО-дан қалған ескі құбырлар - «жарылмаған бомба»

Батыстық сарапшылар КСРО тараған кезде: «Экономикалық жүйені ауыстыруға болады. Одан қалған мұра жылу және су құбырларын һәм тасжолдар мен қоқыс полигондары капитализм рельсіне түсіру оңайға түспейді», - деген пікір айтқан болатын.

1702280303731807.jpg

Экономика саласының майын ішкен АҚШ мамандары қалай КСРО тарады, солай: «Орталық Азиядағы қысы да 40, жазы да 40 градус суық пен ыстықтан тұратын аймақ – Қазақстан және Ресейлік Сібір қалаларындағы жылу және су құбырлары «жарылмаған бомба» деген саяси-әлеуметтік сәуегейлік айтқан еді.

Елімізге шақырылған Батыстық экономикалық кеңесшілер жылу және су құбырларын һәм тасжолдар мен қоқыс полигондарын жаңа жағдайға бейімдеп, оны Батыстық анологтарымен алмастырудың жолдарын және ескі технологияларды озық жаңа технологиялармен алмастырып, логистика мен инфрақұрылым қалыптастырудың түрлі жолдарын Назарбаев билігіне зерттеп-зерделеп ұсынғанымен, барлық игі шаралар жемқорлық жайлаған Елбасизм кезінде мүмкін болмады. 4 экологиялық апат әкелетін КСРО мұрасын жаңа арнаға түсіру үшін арнайы зауыттар мен жұмыс орындары ашылмады.

Тіпті депутаттар корпусы бұл мәселеге қатысты не қауқарлы заң, не лауазымды тұлғалар басымен жауап беретін жазалау фнкуциясын өмірге әкелуге құлық танытпады. Себебі олай етсе, өздері отырған бұтақты өздері кескенмен тең болар еді. Барлығы да табиғи монополистердің ығына жығылудан аспады.

Тап осы табиғи монополистердің ығына жығылудың ақыры моноқалаларымыздың жылусыз қалып, халықты қыста қалтырататын факторға айналып отыр.

Былтырғы Екібастұздағы апатқа қатысты жуырда ғана сот үкімі шықты. «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС бұрынғы бас директоры Павл Мельничук, «ЭТЭЦ» ЖШС басшысы Виктор Вебер мен  «Экибастузские тепловые сети» басшысы Евгений Горваттарға қатысты қалалық сот өз үкімін шығарып, Павл Мельничук пен Виктор Веберді бес жылға сотталса, соңғысы 2 жыл 6 ай түрменің дәмін тататын болады.

Былтырғы Екібастұздағы апат биыл да қайталанды. Степногорскіде Славский мен Целиноград көшелерінің қиылысындағы жылу құбыры жарылып, көп қабатты үйлердің тұрғындары қақаған қыста жылусыз қалды. Бұл бір емес, айналасы екі-үш күнде еліміздің бірқатар аймақтарында, Екібастұзда, Балқаш пен Ақтауда қыстың көзі қырауда жұрт сусыз, жылусыз қалды, тағы.

Түйін: Қыс қалт-құлт еткен Қазақстанның саяси элитасы үшін сынақ кезеңі. Бүгін Ақорда: «Мемлекет басшысы өңірлердің әкімдерімен жылу беру мәселесін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді», - деп хабар таратты.

Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап еткені айтылды. Хош.

Бірақ моноқалалардың жылу жүйелері жаңа технологиямен толық алмастырылмай, бұндай апаттар еліміздің шығысы мен солтүстігінде орын ала беретін болады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар