Қандай соғыс болмасын, түбі бір аяқталады. Қытайдың «Жеңген – патша, жеңілген – ұры» деген мақалы бар.
Осы соғыста мұсылман әлемі де, Израиль жағы да өзін ұры емес, патша санай бастаған сияқты. Бұл соғыста әдеттегідей жеңімпаз болмайды. Бір сөзбен айтқанда қасиеті кітап түскен екі бауырлас ұлттың соғыстың аяқталуын қалай қабылдауына байланысты. Әлемдік пікір де қаққа жарылып отыр. Бірі – ХАМАС жеңеді десе, екіншісі – жеңісті Израильге сыйлағысы келеді.
Сонымен Израиль премьері Нетаниягу соғыс әлі бітпесе де, Газа секторының соғыстан кейінгі болашағын талқыға салатын құпияланған жұмыс тобын құрып та үлгерді. Газа секторының соғыстан кейінгі болашағын талқыға салатын құпияланған жұмыс тобына Израильдің жоғарғы шенді одақтастары мен күштік құрылымдарының өкілдері кіріп, Құдыстың болашағын талқыға салуға кірісіп те кетті.
БАҚ Израиль Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Ханегби, Стратегиялық мәселелер министр Дермер, ШАБАК-тың жалпы қауіпсіздік және Моссадтың сыртқы барлау өкілдері осы топқа кіргенігін ашып жазды.
Осы құпияланған жұмыс тобы соңғы аптада 4 рет кездесіп, не істемек ойлары барлығымен АҚШ әкімшілігін хабардар етіп отырған. АҚШ та, ХАМАС тобын саяси сахнадан кетіруді алдарына мақсат етіп қойып отырғаны жасырын емес. Бірақ бұған Түркия, Қытай және Араб елдерінің саяси элитасы көне қояр ма екен?..
Газаны соғыстан кейін кім басқарыды деген талқы кеше-бүгін ғана айтылып, талқыланып жатқан жоқ. БҰҰ Жарғысының орындалуын қолдаушы тарап соғыс жүріп жатқан аймақта «екі халыққа екі мемлекет» формуласының орындалуын қолдайды. Бұл санатта Қазақстан да бар.
Онан соң, АҚШ пен бірлі-жарым ЕО елдері Газа аймағын толықтай Израильдің басқаруына беруге келісе қоймайтынын ашып айтып, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Палесвтина президенті Махмұд Аббаспен де жолыққан. Бұл нұсқаға Израиль мүлде келіспейтінін премьер Бенямин Нетаняху бірнеше жолы мәлімдеді.
Осылайша, қазір әлемдік саяси сахна Газа секторын соғыстан кейін кім басқарады деген сұрақтың төңірегінде қызу талқы жасауда.
Mezgil.kz