Кремльге Қырым керек, жұртқа жұмыртқа керек

Ресейде тауық жұмыртқасының бағасы желтоқсан айында күрт қымбаттады. Бір жыл ішінде жалпы жұмыртқа бағасы 40 пайызға өскен. Ал Ресейдің кей қалаларындағы супермаркеттерде жұмыртқаны даналап сатуды бастаған.


В Белгороде и других городах рф возник дефицит яиц и курятины,  выстраиваются огромные очереди » Слово и Дело

 

Сарапшылар жұмыртқа бағасының өсуі көптеген экономикалық көрсеткішті аңғартатынын айтуда. Жұмыртқаға сұраныс ет сатып алу қиынға түскен сәтте артады дейді мамандар. Әлемде жұмыртқа қымбат елдің бірі АҚШ саналады. Бүгінде ресейлік нарықтағы жұмыртқаның бағасы АҚШ нарығындағы бағамен теңескен. Мысалы С1 деңгейіне жататын жұмыртқа ресейлік «Пятерочка» сауда желісінде 10 данасы 1,25 долларды құрайды. Ал АҚШ-тың Lidl («Пятерочка» іспеттес) сауда желісіндегі 12 дана жұмыртқа бағасы 1,35 долларды құрайды. Осылайша жұмыртқа бағасы бойынша Ресей АҚШ-ты артқа тастап, тіпті алға шыққан.

 

Жұмыртқаның күрт қымбаттауы Саратов, Белгород, Новосібір, Орынбор, Омбы, Петербург, Мәскеу қалаларында байқалады. Экономистер Ресей азық-түлік нарығында соңғы жылда ең қатты қымбаттаған үш өнімді атады. Олар тауық еті, жұмыртқа және қарақұмық. 

 

Билік тауық етінің күрт қымбаттауын тоқтату мақсатында құс фабрикаларына тауық етін өндіру көлемін арттыруға тапсырма берген болатын. Бұл сойылатын құстың санын арттырды. Дүкендерде қыркүйек айында тауық етінің бағасы тұрақталды. Алайда сойылған тауықтың саны көп болғанына байланысты, жұмыртқа тапшылығы артты.

 

Ресейдегі жұмыртқа бағасының қымбаттауына санкцияның да әсері бар. Ресейлік құс фабрикалары Германия және Нидерланды инкубаторларымен жұмыс істейді. Алайда санкцияға байланысты инкубатор жеткізу және оны техникалық қолдау тоқтатылды. Қытай билігі де өзінің ішкі нарығын қамту мақсатында Ресеймен инкубатор сату келісіміне қол қоймады.

 

Қазіргі уақытта Ресей жұмыртқа тапшылығын Түркия, Әзербайжан және Орталық Азия елдеріне тапсырыс беру арқылы шешуге тырысуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар