Ресей - моңғол боданынан шыққан. Ал Украина - Киев Русінің бел баласы!

Украинаның экс-президенті Леонид Кучма «The Guardian» басылымына көлемді сұхбат беріп, Украинаның қазіргі саяси басшылығы һәм Ресеймен арадағы соғыс тақырыбында біраз көсіліпті. Біз аталған сұхбаттағы маңызды тезистерді топтап, оқырман талқысына ұсынғанды жөн санадық.

1702376539143793.jpg

«Украина президенті болған Леонид Кучма елді 11 жыл (1994-2005 жылдары) басқарды», деп оқырмандарына таныстырып өткен «The Guardian» басылымы Елцин кезіндегі жайма шуақтық 2003 жылы Путин тарапынан бұзылғандығын сөз етеді.

1702376462213968.jpg

РЕСЕЙ БАСҚЫНШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСЫ НЕДЕН БАСТАЛДЫ?

«Тап сол жылы Ресей Қара теңіздегі құрлықтық Ресейге жақын орналасқан Тузл аралын өзіне беру туралы Украинаға шарт қойды. Бұл Путиннің жақын көршілерінен жер даулай бастауының басы болды», - дейді Кучма.

Онан соң: «АҚШ Украинаға 61 млрд доллар көмекті бермейтін болса, Украинаны Ресейге қарсысоғыста орта жолда қалдыратын болса, әлем алдында қара бет болады», - деген өз ойын жайып салды.

«Путиннің Украинаға ашкөзденуі оның делқұлығын танытады», - деп тілші қойған тағы бір сұраққа өз бағалауын жасайды.

«Бұндай адаммен бейбіт келісімге келу мүлдем мүмкін емес. Путин тек жерді басып алуды емес, Украинаны «Ресейдің бәсекелес баламасы» деп танып, мемлекет ретінде мүлдем құртуды қалайды. Ол осы жолда ештеңеден тайынбайды.

Дәл қазір ол Украинаның оңтүстігі мен шығысындағы 4 облысты Ресейдікі деп мәлімдеді. Ол бізбен ешқандай құжатқа қол қоймайды. Өйткені, дегеніне қол жеткізе алмады. Әрі Ресейдің көшбасшысы болғандықтан орыс халқының алдында дегеніне неге қол жеткізе алмағандығын түсіндіруге тиіс», - деп сөзін түйіндеді Кучма.

1702376407746610.jpeg

ОРЫСТЫҢ ТАРИХЫ МОҢҒОЛДАН БАСТАУ АЛАДЫ. АЛ УКРАИНА КИЕВ РУСІНІҢ БЕЛ БАЛАСЫ!

«Украина – Ресей емес». Осындай тақырыппен 1994-2005 жылдар арасында Украина президенті болған Леонид Кучманың кітабы 2003 жылы жарық көрген еді. Кітап өз тұсында Украина халқының рухани манифестіне айналып, Ресейдің «жынын қоздырған». Осы кітап биыл қайта басылып шықты. Кітап «Украина – Ресей емес. 20 жылдан кейін» деп аталады.

Осыдан 20 жыл бұрын жазған кітабына өзінің жаңаша пайымдауларын қалай енгізгені жайында Кучма: «Қарапайым ресейліктерді етене жақындастыру мүмкін емес. Олардың басым көпшілігі Путиннің агрессиясы мен империалистік арнайы операцияны қос қолдап қолдауда. Орыстар - украиндықтар емес, олардың ділі бөлек! Орыстың ойлауы – өздерін билеп төсеген моңғолдардан бастау алады. Украина болса, Киев Русінің бел баласы, әрі православиенің тал бесігі. Міне, осы мұраға Путин көз алартып, өз бауырына баспақшы. Ендігі жерде Батыс Украинаға орыстың пайымдауымен қарамауы керек», - деді.

1702376371844401.jpg

ЗЕЛЕНСКИЙ САЙЛАУҒА ТҮССЕ СӨЗСІЗ ЖЕҢЕДІ!

Зелинский туралы тілші сұрағына: «Украинаның бағы жанғаны – Зелинскийдің ел тізгінін ұстағаны. Менің пайымдауымша, ол ақжарқын адам. Оған жау астанаға тұмсық сұққан сәтте: «Украинаны тастап шық», - дегенде, Ол: «Еліммен бірге болам», - деп бас сауғалаған жоқ! Және оның «сайлау болмайды» дегені дұрыс. 5 миллионнан астам астам отандасымыз шетелде, қалғандары бомбадан бас сауғалап, жауынгерлер окопта жаумен соғысып жатқанда сайлау өткізудің жөні жоқ. Егер сайлау бола қалса, Зелинский жеңіп шығар еді», - деп өз пікірін білдірді.

Бұрынғы президент өз сұхбатын: «Әлем жұртшылығы Украинаны тағдыр тәлкегінде қалдырмайтына сенемін», - деп аяқтады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар