Сарапшылар: 2024 жылы мұнай бағасы шарықтайды

2024 жылы мұнай бағасы бірден барреліне 100 долларға дейін өсуі ықтимал. Қазіргі сәтте мұнай бағасы  өнімнің категориясына байланысты 75-84 доллар арасында тұр. Бұл туралы Oilnews.kz мұнай саласын зерттейтін ақпараттық-сараптамалық порталының басшысы Сергей Смирнов айтты.


Нефть растет в цене, Brent - $86,27 за баррель ABC.AZ

 

Сарапшының сөзінше мұнай бағасының өсуіне ОПЕК+ шешімі, Сауд Арабиясының мұнай өндіруді азайтып, бағаны өсіруге талпыныс жасауы, әлемдік нарыққа Ресей мұнайының аз шығуы мен АҚШ, Еуропа, Қытай тарапынан мұнай сатып алуға деген сұраныстың жоғары болуы әсер етпек.

 

«Соңғы ОПЕК+ саммиті сәтті болды дей алмаймыз. Мысалы Ангола сынды бірқатар елдер мұнай өндіруді азайтудан бас тартты. Алайда Сауд Арабиясы сынды мұнай нарығындағы гиганттар мұнай өндіруді азайтпақ. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мұнай бағасы ақырындап түсе берді. Мұнай бағасына тіпті Иранның Израильмен соғысқа араласуы мүмкін деген ақпарат та әсер етпеді. Алайда 2024 жылы мұнай бағасы Гайана мен Венесуэла арасында болуы мүмкін қақтығысқа байланысты өсуі ғажап емес», - дейді ол.

 

2023 жылды мұнай бағасы барреліне орташа 84 доллармен, ал газ бағасы мың кубметрге 517 доллармен жабуда. Сарапшы Сергей Смирнов 2024 жылы мұнай бағасы барреліне 92-100 доллар болады деп болжауда. Ал газ бағасы мұнайдың бағыты бойынша бірде өсіп, бірде төмендеуде.

 

Ал Еуропа сарапшылары Израиль мен ХАМАС соғысына байланысты мұнай бағасы тіпті 120 долларға дейін шарықтауы мүмкін деп болжам жасауда. Қақтығыс ұзаққа созылса, мұнай экспорттаушы Иранның соғысқа тікелей араласуы ықтимал, ал Йемендегі хуситтер мұнай тасымалына кедергі жасауын жалғастыра бермек. Осылайша 2024 жыл мұнай сатушы елдер үшін пайданы еселеп табу мүмкіндіктерін ұсынады дейді олар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар