Мәжілістің экс-депутаты, есім-сойы елге белгілі саясаткер Берік Дүйсембинов «Usbanov ARNASY» YouTube арнасының «Сәрсенбідегі сауал» подкастына сұхбат беріп, қазіргі Мәжіліс пен Үкімет жұмысы туралы өз пікірін ортаға салды.
Журналист Нұргелді Әбдіғанимен өткен ашық әңгімеде Берік Сәлімжанұлы екі бағдарламаға татырлық біраз мәселені ашық талқы жасады. Соның ішінде қазақ геноциді, Алаш, жер мәселесі, партия ішіндегі «сатқындық», елдегі кадр саясаты, сайлаудағы ұрлық, Үкіметтің қателіктері мен Мәжілістегі партиялардың алауыздығы т.б. мәселелер сөз болды.
Бүгін жарыққа шыққан бөлімде парламенттегі жағдай, кейінгі сайлаудың кейтұрқылықтары мен елдегі шешілмейтін проблемалар жөнінде айтылды.
«Біздің ұсынысымыз бойынша, Үкіметті сайлауда басым дауыспен жеңген партия жасақтайды. Демек, Үкіметтің кез келген сәтсіздігіне Үкімет қана емес, оны жасақтаушы партия да тең жауапты.
Егер бұл Үкіметтің қате саясатынан халықтың тұрмысы одан сайын төмендеп кетер болса, билікті жасақтаған партияға келер сайлауда ешкім дауыс бермеуі тиіс болатын. Де-факто осы Үкіметті жеңген партия жасақтағанымен, жауапкершілігікті тең бөліспеуде!
Үкімет неше түрлі бағдарламаларды жасап жатыр. Үймен қамту, оқумен қамту т.б. Барлығының аяғы сыйырқұймышақтанып жатыр. Ал осы бағдарламалардың сәтсіздігі үшін бір шенеунік өз басымен жауап берді ме? Қолынан ұстап, қылмысын дәлелдегеннің өзіңде жұмыстан кетпей отырғандар бар. Ол қалай сонда?», - дейді спикер.
Толығырақ:
Mezgil.kz