Хуситтердің шабуылы: Әлемдік сауда қатынасында дағдарыс болуы ықтимал

Әлемнің теңіз арқылы ірі жүк тасымалдаушы компаниялары Израиль-ХАМАС соғысына байланысты Қызыл теңізді айналып өтуде. Күні кеше ғана Mediterranean Shipping Company (MSC) компаниясы Қызыл теңізге кірмей, басқа бағытты таңдағанын жария етті. Бұған дейін француздардың CMA CGM компаниясы, даттардың Maersk компаниясы мен немістердің Hapag-Lloyd компаниясы Қызыл теңіз арқылы жүк тасымалдауды уақытша тоқтатып, маршруттарын өзгерткенін жариялаған болатын.


Крупнейшие морские перевозчики уходят из Красного моря из-за атак со  стороны хуситов | Euronews

 

Жүк тасымалдаушы кемелердің Қызыл теңізді айналып өтуінің бірден-бір себебі Йемендегі хуситтердің шабуылына байланысты болып отыр. Иран қолдауына сүйенетін хуситтер соғыс басталған сәттен бастап Израильге экономикалық шығын әкелу мақсатында Баб-эль-Мандеб бұғазынан кемелерді өткізуге тыйым салып, шабуыл жасап келеді. Хуситтер Израильге бет алған кез келген кемеге шабуыл жасаймыз деп ресми мәлімдеді.

 

Хуситтер негізінен кемелерге дрондармен шабуыл жасауда. Екі мәрте зымыран арқылы да соққы жасаған. Кемелерге жасалатын шабуылды азайтып, экономикалық байланыс жолдарының үзілмеуі үшін Еуропаның бірнеше елі Қызыл теңізге әскери кемелерді жіберуге ниетті. Сенбі күні АҚШ-тың Қызыл теңіздегі әскери кемесі Йеменнен ұшып шыққан 14 дронды қағып түскені белгілі болды. Жұма күні Ұлыбританияның әскери кемесі хуситтер атқан екі дронды әуеде жарып жіберген.

 

Сарапшылар Баб-эль-Мандеб арқылы жүк тасушы кемелердің өтпеуі әлемдік саудаға кері әсер ететінін айтуда. Жұма күні MSC PALATIUM III кемесіне шабуыл жасалған. Экипаж аман, алайда кеме жөндеуге жіберілді. Осы оқиғадан кейін көптеген компаниялар жүк тасымалын Африка жағалауы арқылы іске асыруға көшкен.

 

CMA CGM компаниясы да уақытша маршрутты өзгертетінін, контейнертасушы кемелері әзірге бұғаз арқылы өтпейтінін мәлімдеді. Аталмыш компания әлемдегі теңіз арқылы жүк тасымалын іске асыратын үшінші компания саналады. Ал әлемде теңіз арқылы жүк тасымалын іске асыру бойынша екінші компания саналатын Maersk жағдайды «өте күрделі» деп бағалады.


AP: Саудовская Аравия и хуситы ведут неформальные переговоры по конфликту в  Йемене - Новости Mail.ru

 

Соңғы бір апта ішінде Баб-эль-Мандеб арқылы әлемнің 4 ірі компаниясы жүк тасымалын тоқтатқан. Бұл шешім компаниялар үшін қымбатқа түссе де, қауіпсіздік маңызды дейді олар.

 

Әлемдік сауда қатынасының 11% Қызыл теңіз арқылы іске асады. Оның ішінде әлемдегі 10% энергоресурс тасымалы және 30% контейнерлік тасымал осы аймақпен өтеді. Баб-эль-Мандеб арқылы жыл сайын 17 мың кеме өтетіні белгілі. Әлемдік сауданың 10 пайызы осы бұғазбен тікелей байланысты. Сарапшылар хуситтердің шабуылы әлем экономикасына соққы жасап, оларды Сомали қарақшыларынан да қауіпті етуде деген пікірді айтуда.

 

Жүк тасымалын кеме арқылы іске асыратын компаниялар әлемдік қауымдастыққа хат жазып, хуситтердің әрекетін тоқтату амалдарын жасауды сұрауда. Батыс сарапшылары хуситтердің шабуылына қарсы әскери операцияны іске асыру легитимді болмақ деп топшылайды. Ал бірқатар БАҚ «Вашингтон мен араб елдері хуситтерге қарсы жақын аралықта әскери операцияны бастайды» деп жазуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар