Хуситке қарсы коалиция: АҚШ бастады, өзгесі қостады

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин «Дамудың сақшысы» атты халықаралық әскери операцияның басталғанын жария етті. Операцияның мақсаты Қызыл теңіздегі сауда қатынасын қалпына келтіріп, Йемендегі хуситтер тарапынан төнетін қауіпті тоқтату. Операцияның басталуына қатысты ақпарат АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында пайда болған.


Как хуситы перехитрили и переиграли всех в Йемене | ИА Красная Весна

 

АҚШ-тың Қорғаныс министрі Остин хуситтердің әрекеті халықаралық сауда қатынасына зиянын тигізіп, теңізшілер мен қарапайым азаматтардың өміріне қауіп төндіріп отырғанын, халықаралық құқықты өрескел бұзу екендігін деп атап өткен.

 

«Қызыл теңіз еркін жүк тасымалын іске асыруға арналған және экономикалық маңызы жоғары су жолы. Сауда қатынасының халықаралық талаптарға сай іске асырылуын барлық өркениетті мемлекеттер қолдайды және баллистикалық зымырандар мен дрондардың шабуылынан қорғануға құқылы. Бұл халықаралық қатынастарға жасалған агрессия және оған жауап ұжымдық негізде берілуі тиіс», - дейді Пентагон ресми хабарламасында.

 

Остиннің сөзінше коалицияға АҚШ-тан бөлек Ұлыбритания,  Бахрейн, Канада, Франция, Италия, Нидерланды, Норвегия, Сейшель аралдары, Испания кіреді. Коалиция күштері Қызыл теңіз бен Аден түбегінің, Баб-эль-Мандеб бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Операция нақты қалай іске асатыны белгісіз, Пентагон мән-жайды толық жария етпеді. Алайда сарапшылар коалиция күштері хуситтерге әуеден соққы жасайтын болады деп топшылауда.

 

Хуситтер Израильге бағыт алған кез келген кемені атқылауға уәде берген болатын. Осы уақытқа дейін әлемнің төрт ірі жүк тасымалын іске асыратын компаниясы Қызыл теңіз арқылы жүк тасуды тоқтатты. Олардың ішінде Mediterranean Shipping Company (MSC), CMA CGM, Maersk, Hapag-Lloyd сынды логистика саласының гиганттары бар. Аталмыш компаниялар әлемдегі су жолы арқылы жүк тасымалының 55-60 пайызын іске асырады. BP компаниясы да Қызыл теңіз арқылы мұнай тасымалын уақытша тоқтатты.

 

Хуситтер коалицияның құрылуына қатысты ресми мәлімдеме жасап, жауап қатты. Йемен жағалауына келетін кез келген әскери кемені батырып жіберуге әлеуетіміз жеткілікті дейді. Әзірге қағаз жүзінде құрылған коалицияның іс жүзіндегі әрекеттері қашан басталары белгісіз.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар