«Әлемдік алапеске» айналған Ресей: Зеленский не дейді, Путин не дейді?

Әлемдік әскери сарапшылар мен зерттеушілер һәм геосаясаткерлер: «КСРО-ның құлауы «Қырғи қабақ соғыс» кезінде орын алған «ІІІ Дүниежүзілік соғыстың» аяқталуын білереді», - деп тұжырымдама жасап, «ендігі соғыстан әлемінің ешбір елі тыс қалмайды», - деп болжайды. Бұл соғыс – «Дүбәра соғыс» («Гибридті соғыс») деген атауға ие болды.

1703058497966716.jpg

Жаһандық түрлі БАҚ «Зеленский жеңсе не болады?» және «Путин жеңсе не болады?» деген сауалдар қойып, әлемдік әскери сарапшылар, зерттеушілр һәм геосаясаткерлер осыған қатысты өз пікірлерін білдіре бастады. Осы орайда «Bloomberg» басылымы «Путин жеңсе не болады?» деген сұраққа жауап іздеп, бүйдейді:

1703058272984744.jpg

ПУТИН ЖЕҢСЕ НЕ БОЛАДЫ?

– Егер Украинаға әскери көмек тоқтайтын болса, Ресей жаңа территорияларды жаулап алып, инфрақұрылымдарды бұзуға әрекет етеді.

– Соғыс даласындағы тығырыққа тірелу – соғысты ұзақ жылдарға созуы мүмкін. Киев «атысты тоқтату» туралы талапты Мәскеу ұсынған нұсқада орындауға мәжбүр болады.

–Тиімді қорғаныс қабілетінен айырылған Украина қарсылығы партизандық тактикаға ұласып, ЕО-ның шығыс шекарасындағы жағдайды тұрақсыз етуі мүмкін. 

–Путинге Украинадағы соғыстан соң, Балтық елдеріне шабуылдау үшін бірнеше жыл қажет болады.

–Путиннің жеңісі ЕО-ға босқындарды көптеп ағылтады. Бұл ЕО елдері арасындағы жағдайды ушықтырады.

–Ресейдің жеңісі әлемдік саясатта өзгеріс жасайды. Одақтастардың Вашингтонға сенімі азая түседі.

–Кейбір ЕО елдері Мәскеу және Бейжіңмен байланысын күшейте түседі.

– Бұл стратегиялық сәтсіздіктің кері әсері 2021 жылы Ауғаннан әскер шығарғаннан гөрі қаттырақ болады, - деген өздерінің болжамдық нұсқаларын әлем жұрты назарына ұсынды.

Кешелі-бері осы соғыстың қос басты тұлғалары – Зеленский мен Путин 2024 жылға қарата өз жетістіктері мен күтілетін нәтижелері жайында өз халқына және жаһан жұртына пікір бөлісті. Бұл екі тарап президенттерінің өз елі алдындағы жылдық есеп берулері десек еш қателеспейміз.

1703058318275308.jpg

ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕЙДІ?

Зеленский:

– Әскерилер менен қосымша 450-500 мың адамды мобилизациялауды сұрап жатыр;

– Украинаның ЖІӨ-мі бір жылда 5%-ға өсті;

– Ресей флоты енді Қара теңізде үстемдікке ие емес;

– Ресейде соғысқа қатысты 2023 жылға ешқандай нәтиже жоқ;

– Аргентинада Венгрия премьері Орбан «Украина не үшін ЕО-ға қосылмауы керек» деген сұраққа бірде-бір уәж келтіре алған жоқ!;

— Украинаға соғыс кезінде сайлау өткізуге болмайды;

— Мен соғыста жеңіліп жатырмыз деп есептемеймін. Біз өткен қыста толық қоршауда едік. Қазір жағдай мүлде басқаша. Қазір Ресей бізді қоршамақ түгілі, өздері де қорғануға мәжбүр болып отыр.

1703058366720031.jpeg

ПУТИН НЕ ДЕЙДІ?

Өз кезегінде Путин:

– Келіссөзге отырғысы келе ме, отырсын. Бірақ, Ресей өз мүддесі тұрғысынан ғана келіссөзге отырады;

– Украина тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығының жалғыз кепілі - Ресей болған!;

– Бізге НАТО-ның не керегі бар? Бұрын да, қазір де, келешекте де НАТО-ның бізге пайдасы бола қояды деп есептемеймін;

– Біз қазір де Еуропамен соғысқымыз келмейді;

– Егер Донбасс мәселесі бойынша Минск келісімдері орындалғанда, әрі қарай жағдай мұнша ушығып кетпес еді;

– 1991 жылы НАТО шығысқа қарай бір қадам да баспайды деді. Бос былшыл. Әне, шарбағымыздан қарап тұр;

– Егер 2014 жылғы төңкерістен соң, Ресей Қырымды өзіне қоспағанда, Қырымда нағыз қанқасап болатын еді;

– Қарсыласымыз КСРО ыдырығанға дейін Ресейді ыдырату үшін бар күшті Украинаға жұмсаған. Украина КСРО-ны да, Ресейді де ыдыратуға қолайлы аймақ саналады.

Түйін: Екі тарап басшыларының сөздері өздері үшін дұрыс. Бірақ Путин тамаша болшағы бар Ресейді «Әлемдік алапеске» айналдырғанын сезінбейді де, сезгісі де келмейді. 

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар