"Вагнердің" орнын Bancroft баспақ...

Орталық Африка Республикасына АҚШ-тың жеке әскери компаниясы саналатын Bancroft-тың өкілдері келді. Аталмыш жеке әскери компания ОАР-дың сарбаздарын ұрыс қимылдарына дайындайды. RFI басылымының жазуынша қазіргі уақытта жалдамалы әскерилер арнайы базаны құру және дрондарды орналастыру жұмыстарымен айналысуда.


RFI: американская ЧВК займется защитой горнодобывающих предприятий в ЦАР -  ИА "Африканская инициатива"

 

Bancroft жеке әскери компаниясы ОАР-дың сарбаздарын дайындықтан өткізіп, кеніштерді қорғауға қабілетті етіп дайындамақ. Кеніштердің барлығы дерлік ел үкіметіне тиесілі. Кеніштен түскен табыс билік, жұмысшылар және Bancroft жалдамалылары арасында үшке бөлініп отырады.

 

Бұған дейін Bancroft жеке әскери компаниясы Сомали, Уганда, Кения және Ливияда осыған ұқсас миссияларды іске асырған. Сарапшылар компанияны АҚШ үкіметі қолдау арқылы ОАР-дан вагнерліктерді түбегейлі кетіруге барын салады деген ойда. Пригожиннің ажалынан кейін вагнерліктердің Африкадағы үлесі азая түскен. 


Ақпарат көздері осыған дейін «Вагнердің» бақылау аймағы саналатын ОАР-ға өзге жеке әскери компанияның кіруі вагнерліктердің әлсірей бастағанының көрінісі дейді. АҚШ билігі «Bancroft жеке әскери компаниясына еш қатысымыз жоқ» деп ант-су ішіп отыр.

 

АҚШ билігі Нигердегі төңкеріс, Ливиядағы қақтығыстар мен ОАР-дағы жеке әскери компаниялардың таласынан кейін, Африканы қолға алу жоспарының бар екенін мәлімдеген болатын.


Mezgi.kz



Ұқсас тақырыптар