310 мың адам Қазақ паспортын Ресейдің қызыл құжатына айырбастаған...

Ресей азаматтығын алу үшін осы елдің қолданыстағы Заңы бойынша, «осы елдің аумағында соңғы 5 жыл бойы тұрған адам мемлекет тарихы мен заңнамасынан емтихан тапсыруға тиіс», - делінеді.

1703150844227069.jpg

2023 жылдың 18 желтоқсанынан бастап күшіне енген Путин Жарлығы бойынша, ТМД-ның үш еліне, атап айтсақ, Қазақстан, Беларусь пен Молдова мемлекетінде тұратындар Ресейдің қызыл паспортын жеңілдетілген тәртіппен алатын болады.

Қызыл паспортқа қызығушылық білдірсе болды. Бұдан былай Ресей аумағында тұрғылықты тұрып жатқанын дәлелдемей-ақ, мемлекет тарихы мен заңынан емтихан тапсырмай-ақ, РФ азаматы атана алады. Оның құйтырқылығы мен саяси мақсаты қандай екенін, бұл идеологиялық Жарлықтың түпкі көздегені не екенін осыған дейін тәптіштеп жаздық.

1703150573251117.jpg

Ресей Путиннің осы Жарлығы арқылы осы үш елді өз құрамына қосып алудың тереңнен ойластырған айла-шарғысына көшті. Беларусь о бастан Ресейге өз еркімен қосылған ел болса, Молдовада Ресей тарапынан даулы аймақтар өмірге келді. Егер осы даулы аймақта тұрып жатқандардың қолында РФ паспорты болса, солардың қалауымен Ресей кез келген уақытта «орыс тілділерді, орыс адмдарын қорғау» деген желеумен өз әскерін кіргізе алады. Оны Абхазия, Оңтүстік Осетия мен Украинаның 5 территориясындағы сепаратистік әрекеттерден анық білеміз.

Шындығында, дәл осы қауіп Қазақстанды да айналсоқтап тұрғаны жасырын емес.

310 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕСЕЙ ПАСПОРТЫН АЛҒАН!

РФ ІІМ ресми сайты мәліметіне сенсек, соңғы 7 жылда, яғни, 2016-2022 жж. аралығында Қазақстанның 310 мың адамы Ресей азаматтығын алған. Оның ішінде баса айтарымыз, Украинадағы соғыс басталысымен қазақ елінің 42 010 азаматы еш қиналмай, РФ азаматтығын алып үлгергендігі көп нәрсені аңғартады.

Сонымен, қазақ қоғамы жаңа дертке шалдықты. Ол – «үй ішінен үй тігушілік». Сонымен, тап осы «үй ішінен үй тігушілер» Қазақстан-Ресей арасында болатын болашақ соғыстың ірге тасын құйып болып, енді кірпіштерін қалап жатқан жайы бар.

Елімізде қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған! Сондықтан күш құрылымдарды жатпай-тұрмай, осындай мысықтілеу жандарды (азаматтарды деуге аузымыз бармайтындарды) тауып, етегін кесіп, елден қуудың шарасына осы бастан кіріспесе, ертең кеш болады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар