«Пошёл на х... Прилепин!». Өзбектер импершіл орыс жазушысының көзін жоя ма?

Өзбек БАҚ-тары: «Прилепин ва Ўзбекистонни босиб олмоқчи бўлаётганларга ўз тилида «пошёл на х... » – собиқ депутат» деп жазады.

1703236424693193.jpg

Ресейдегі танымал Z-пропагандист Захар Прилепин (шын аты Евгений.) 20 желтоқсанда Өзбекстан және басқа да бұрынғы КСРО территорияларын Ресейге қосу жайында өзінің «Совет командиров» ұйымының атынан өткізген баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның сөзі Өзбекстанда айқай туғызып жатыр.

Олий Мажлистің Заң қабылдау палатасының депутаты, «Юксалиш» Жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Бобур Бекмуродов: «Захар Прилепиннің «Өзбекстанға басып кіреміз» деуі есінен адасқандық», - деп мәлімдеді. Бобур Бекмуродовтың пікірінше, Ресей саясаткерлерінің осындай көзқарастары екі ортаға от салып, өз елінің беделіне сызат түсіреді!

«Ресей саясаткерлерінің қаныпезерлік көңіл-күйде болулары өзгелерді бездіріп, дос емес, жау тауып беретінін сезінетін уақыттары болды. Тап осы өркөкіректік достық қатынастағы елдерді алыстатпаса жақындастырмайды», - деген Бобур Бекмуродов Прилепинге Өзбекстан Қылмыстық кодексінің «Өзбекстанның мемлекеттік тұтастығын бұзуға тырысты» дейтін 159 бабы бойынша жауапқа тартылатынын алға тартты.

Экс-депутат, экология министрінің кеңесшісі Расул Кушербаев: «Өзбекті құл етпекші болған Прилепин мырзаға һәм тағы басқаларға орыстың тұздықты сөзі «пошёл на х…» деу керек», - деп сөйледі.

Осылайша, күпінген саясаткер орыстар бұндай жүгенсіз кеткен бассыздықтарына ОА халқынан тек орыстың тұздықты сөзі «пошёл на х…» деген жауап алатындығын өзі білмей де қалды.

1703236294693762.jpg

Захар Прилепин не деп көкіген еді. Енді соған тоқталайық.

Қазір ОА-ға қарсы ақпарат майданында түрлі интернет конференциялар өтіп жатады. Жаңалық жаулаған әлемде бәрінің байыбына бара бермейсің. Бірақ сол көкігендердің ішінен Захар Прилепин ойланбай от басты. Бұған дейін қазақты адам санамайтын ресейлік Z-пропагандистер өзбектің де тамырын баспақшы болып, Захардың қолтығына су бүркіп, қолымен от көсетті.

Z-пропагандист: «Мигранттар мәселесін реттеу керек. Орыс тілін оқытып, үйретіп жатқанша, көп мигрант келетін елді қосып алайық. Мысалы Өзбекстанды. Бірдеме десе, сендердің 2 млн адамың біздің жерімізде жүр, олар қосылуды қолдады дейміз. Немесе басқа формасын табамыз.

Киевте жеңіс парадын өткізген соң, бізге қарсы ешкім ештеңе дей алмайды. Ешкім», - дейді.

Қалғандары ду қол шапалақ қақты.

Айтпақшы бұл Прилепинді Украина арнайы жасағы жарған болатын, бірақ бірнеше операциядан кейін аман қалды. Енді оның қарбыз басын өзбектер доп қылып тебетін болса, оған таң қалуға болмайды. Бұрын Ресей ортақ шекарасы бар, КСРО құрамында болған елдерден жер дауласа, енді оның ауқымын кеңейтіп, Одақ құрамында болған, ортақ шекарасы жоқ ОА мемлекеттеріне де қыр көрсете бастады.

Осы оқиғаға байланысты Өзбекстанның СІМ-і Ресей елшісін шақыртып, Прилепиннің сөзіне қатысты түсінік беруді талап етті.

Ресейлік елші Мальгинов Прилепиннің сөзі Ресей билігінің позициясына қарама-қайшы екенін айтып: «Ресей Өзбекстанның аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігін қолдайды», - деді. Тура бізге қатысты жер даулаушыларға қатысты қалай ақталатын болса, тура солай ақталып шыға келді.

Сонда Ресейді «Ұлтаралық өшпенділік» деген баппен соттайтын Заң жоқ па? Ол жоқ болса, ОА мемлекеттері ТМД аясында бұндай бассыздық жасағандарды саяси қылмыс жасаған тұлға ретінде өзге мемлекетте жазасын өтуге мәжбүрлеуін бір ізге қоятын кез келді. ТМД соны талап етуміз керек!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар