Ресейлік депутаттар: Путин! Соғысты тоқтат! Сен халыққа тек қайғы сыйладың!

Ресейде мобилизацияның басталғанына бір жылдан асты. Ресей тарихындағы үшінші мобилизация БАҚ беттерінде көп айтылмайтын тақырып. Кремль тарапынан цензура бар, ал мобилизацияланғандардың жақындарының жанайқайын естіп жатқан билік те, телеарна да жоқ. Дегенмен халықтың сөзін, қиралған ананың зарын айтып жүрген бірен-саран шынайы халық қалаулысы да бар.


Это серьезная ошибка руководства России". Что думают депутаты Госдумы о  войне с Украиной - BBC News Русская служба

 

Күні кеше Санкт-Петербургтің «Смольнинское» муниципальдық округінің депутаттары Путинге үндеу жасап, дереу соғысты тоқтатуға шақырып, мобилизацияланғандарды үйіне қайтаруды талап етті. Видеоүндеуді «Яблоко» партиясының депутаттары жасаған. Видеоүндеуде төрт депутат мобилизацияланғандарды үйіне қайтаруды сұраған.

 

«Сіз қарапайым өмірде жүрген 300 мың еркекті Украинаға соғысқа жібердіңіз. Сіз бастаған соғыстың не мақсаты, не мәні жоқ, халыққа тек қайғы мен қасірет әкелуде», - дейді депутат Дмитрий Балтруков.

 

Соғысқа қарсы үндеуге депутат Екатерина Кузнецова мен Никита Юферев және Дмитрий Палюга да қосылған.

 

«Сіз қазірдің өзінде 5 мың қылмыскерге өз қолыңызды қойып, рақымшылық жасадыңыз. Кісі өлтірушілер, маньяктар, зорлаушылар жарты жыл соғысып келіп, бостандық алды», - дейді депутат Палюга.

 

Депутаттар Путиннен дереу соғысты тоқтатып, Жаңа Жылда сарбаздардың аман-есен өз отбасымен 2024 жылды қарсы алуына мүмкіндік беруін сұраған. Халық қалаулылары халыққа президенттің құттықтауы емес, балаға соғыстан әкесі келгені, анаға ұлының аман оралғаны қажет деп түйіндеді.

 

Қазірдің өзінде депутаттардың үндеуі ресейлік пропагандистер арасында “сатқындық” деп бағаланып, оларды қаралау науқаны басталды. Ал видеоүндеу әлеуметтік желі және түрлі мессенджерлер арқылы тарап жатыр.


Бұған дейін Красносельский ауданының муниципальдық депутаты Алексей Гориновты Ресей әскері туралы фейк ақпарат таратты деп жеті жылға соттаған болатын. Ол да соғысты тоқтатуға қатысты үндеу жасаған еді.


Mezgil.kz




Ұқсас тақырыптар