Қазақстан ешкімнің вассалы емес: Биыл елімізге шетел басшыларынан кімдер келді?

Тарих қойнауына кеткен 2023 жыл еліміздің саяси келбетінде қандай із қалдырды? Қазақстан ұстанатын көп векторлылық саясаттың келбеті қалай болды? Биыл елімізге шетел басшыларынан кімдер келді? «Mezgil.kz» порталы оқырман талқысына осы тақырыптағы шолуын ұсынады.

1703328302929082.jpg

ЕЛІМІЗГЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНАН КІМДЕР КЕЛДІ?

1703327397461856.jpg

3 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Шымкентке сапарлап келді. Президент Тоқаев екеуі бейресми кездесу өткізді.

10 сәуірде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға келді.

24 сәуірде Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдау рәсімі өтті.

4 мамырда Қазақстанға ресми сапармен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді;

22 мамырда президент Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізді;

7 маусым. Катар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегация Астанаға ат басын бұрды;

25 тамызда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ресми ашып беру үшін келді;

7 қыркүйекте Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға қонақ болып келді;

1 қарашада елімізге Франция президенті Эмманюэль Макрон арнайы сапарлап келіп, маңызды келіссөздер өткізді;

2 қарашада Қазақстанға Венгрия басшысы Виктор Орбан сапарлап келіп, қонақ болды;

3 қарашада Астанаға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сапарлап келіп, Түркі мемлекеттері ұйымының жиылысына қатысты;

3 қарашада Түркі мемлекетті ұйымының жиылысы үшін Астанаға Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов те келді. Бердімұхамедов пен Ердоған ғана емес, Астанадағы бұл басқосуға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтер келді;

9 қарашада Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин келді;

28 қарашада Қазақстанға Того президенті Фор Эссозимна Гнассингбе келіп, Ақордада ресми қабылдау болды;

ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАТАРЫНДА:

1703327998203365.jpg

24 қаңтарда президент Тоқаев Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаевты қабылдады;

24 ақпанда Президент Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі Вилле Скиннариді қабылдады;

28 ақпанда Астанаға АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сапарлап келді.

14 наурызда президент Тоқаев Ресей және Қытай елшілері Алексей Бородавкин мен Чжан Сяоны қабылдады;

17 наурызда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Астанаға келді;

18 наурызда Астанаға ресми сапармен келген Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли келді;

27 наурызда Тоқаев ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады;

6 сәуірде Мемлекет басшысы Франция Президентінің Арнаулы өкілі Изабель Дюмонды қабылдады;

17 сәуірде  президент Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады;

2 мамырда Францияның Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегаты, Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бешт келді;

3 мамырда Астанаға Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино келіп-кетті;

1 маусымда Қазақстанға Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжин келді. Президент Тоқаевпен екеуі Алматыда жолықты;

6 маусымда елімізге ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының президенті Маргарета Седерфельт сапарлап келді;

7 маусым. Қазақстанға ресми сапармен ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле келді;

7 маусым күні ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмид те Астанаға табан тіреді;

9 маусымда президент Тоқаев Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесті;

9 маусымда президент Тоқаев БҰҰ делегациясын қабылдады. Делегация құрамында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Атқарушы хатшысы Армида Алисджабан, Бас хатшының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчи және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі Ивана Живкович болды.

19 маусымда Өзбекстан Парламенті Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева Астанаға келді;

26 маусымда Қырғызстан Парламентінің төрағасы Нурланбек Шакиев келді;

29 маусымда Қазақстанға ресми сапармен Люксембургтің Сыртқы және Еуропа істері жөніндегі министрі Жан Ассельборн келді;

5 шілде елімізге Швейцарияның федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис сапарлап келіп, кездесу өткізді;

14 шілде Ақорда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Владимир Воронковты  және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Терроризмге қарсы күрес комитеті Атқарушы директоратының атқарушы директоры Наталья Германды ресми қабылдады;

11 тамызда ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османи Қазақстанға келді;

17 тамызда елімізге Сауд Арабиясының Ауыл шаруашылығы министрі Абдулрахман әл-Фадли сапарлап келді;

23 тамыз күні АҚШ Сенаты Ұлттық қауіпсіздік және Үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерс Қазақстанға ат басын бұрды;

24 тамызда Қазақстанға БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың басшысы Каха Имнадзе келді;

11 қыркүйекте Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан да Қазақстанға сапарлап келіп, келіссөздер өткізді;

25 қыркүйекте елімізге Татарстан Раисы Рустам Минниханов келіп, Ақордада жолығу өткізді;

25 қыркүйекте президент Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларымен кездесті;

23 қазанда Мемлекет басшысы ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесусты және ұйымның Еуропадағы өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгені қабылдады;

21 қарашада Ұлыбританияның мемлекеттік министрі Нусрат Гани Астанаға ресми сапармен келді;

27 қарашада ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсян Қазақстанға сапарлап жетті;

5 желтоқсанда президент Тоқаев Ресей және Қытай елшілерін кезек-кезек қабылдады. Ресей елшісі Алексей Бородавкин мен Қытай елшісі Чжан Сяо Қазақстанмен өз мемлекеттері арасындағы саяси, экономикалық жоба-жоспарлардың жай-жапсарын баяндады;

7 желтоқсанда Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас та Ақордада ресми қабылдауда болды;

19 желтоқсанда БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики Ақорда қабылдауында болып шықты.

Сонымен, 2023 жылдың күнтізбесі аяқталуға жақын тұста елімізге келіп-кеткен, Ақорда қабылдауында болып шыққан шетелдік саяси тұлғалардың тізімін назарларыңызға түгел ұсынуға тырыстық. Осы қабылдауларда көтерілген, талқыланған, ұсынылған саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, қаржылық т.б. тақырыптағы маңызды әңгімелер Қазақстанның сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарынан хабар берсе керек.

ҚАЗАҚСТАН ЕШКІМНІҢ ВАССАЛЫ ЕМЕС!

1703328061438456.jpeg

Қарашаның алғашқы күні елімізге ат басын бұрған Франция президенті Макронның: «Мен сіздерге түрлі акторлардың (субьект немесе лауазымды тұлға – ред.) барынша қысым жасауға тырысып жатқанын жақсы түсінемін. Франция біздің арамыздағы достықты жоғары бағалайды. Франция Қазақстанның қандай да бір державалардың вассалы болмайтынын жақсы біледі және бұл жолда қолдайды. Біз достарымыздың Тәуелсіздігін құрметтейміз», - деген еді.

1703328104778514.jpeg

Түркия президенті Ердоғанның: «Біз Қазазақ бауырларымызды қатерде қалдырмаймыз. Тәуелсіздігін қорғау қажеттілігі туса, біздің қаруымыз сақадай сай тұр», - деуі де осы ауанда айтылған сөз.

Қазақстанның Тәуелсіздігіне кепілдік бере сөйлеген жалғыз Франция мен түркия емес, Қытай мен Ресей басшылары да биыл осы мағынадағы сөздерді қатар-қатар айтты.Жалпы иыл елімізге саясат туын ұстап, сапарлап келген әрбір мемлекет басшысы немесе әрбір мемлекеттің ресми өкілдері осы ауандағы сөздерін Қазақстанның саяси басшылығына һәм қазақ жұмхұриетіне арнап айтты.

«Көп векторлы саясаттан айнымаймыз» деген ақтарылған Қазақстанның саяси басшылығының әрбір ресми кездесуде басты орынға қояры – әмәнда Қазақстан халқының, мемлекетінің мүддесі болатыны айтпаса да түсінікті.

Келесі кезекте, Қазақстанның саяси басшылығы қандай шетелдік сапарларға ұшақ бұрғанын тізбелеп көрмекпіз. Mezgil.kz порталын назарда ұстай жүріңіз!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар