Израиль "қанды құн" төлейді: Иран генералы өлтірілді

Иран билігі Израильдің әуе соққысынан Сирия астанасы Дамашық маңында Иранның жоғары шенді әскери офицері қаза тапқанын жария етті. Көз жұмған Иран басшылығына әскери тұрғыдан кеңес беруші, генерал Саид Реза Мусави.


В Дамаске при израильском авиаударе убит иранский генерал

 

Иранның ресми ақпараттық агенттігі саналатын Tasnim Мусавидің аса кәсіби маман болғанын жазып, бұл шабуыл үшін Израильдің «қанды құн» төлейтінін айтты.  

 

«Израиль режимі міндетті түрде бұл қылмысы үшін қанды құн төлейді», - дейді Иран әскерилері. Әскерилердің ресми мәлімдемесін Иран әскерінің ақпарат көздері саналатын  парақшалар таратуда. Израиль билігі шабуылға қатысты ақпаратқа жауап бермеді. Әдетте Израиль билігі ел сыртындағы әскери операцияларға қатысты ақпарат бермейді.

 

Израиль ұзақ жылдар бойы Сириядағы Иранның әскери нысандары мен Иран қолдайтын әскери топтардың нысандарына соққы жасаумен келеді. 7-қазаннан кейін Израиль Сириядағы Иранның нысандарына шабуылды үш есеге арттырған. Тараптар арасындағы «жарияланбаған соғыс» жалғасуда.

 

Иранның әскери құрылымдары Сирия жерінде азамат соғысы басталған сәттен бері бар. 2011 жылы Башар Асад режимін қорғауға кірген Иран әскери құрылымдары Сириядағы әлеуетін үздіксіз арттыруда. Израиль Тегеранның әрекетін өзіне қауіпті деп санайды.

 

Қаза тапқан генерал Мусави 2020 жылы АҚШ-тың әуе соққысынан көз жұмған Касем Сүлейманидің жақтасы әрі серігі болған. Сүлейманидің өлімінен кейін Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери базаларын дронмен, зымырандармен атқылады. Алайда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмады.

 

Мусавидің өлімі Израиль мен Иран арасындағы текетіресті арттыруда. Генералдың кегін қайтару үшін Тегеран ХАМАС пен Израиль арасындағы соғысты өршітіп,  «Хезболла» мен хуситтерді қолдауды арттырады дейді сарапшылар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар