Украина-Ресей соғысы неше жылға созылуы мүмкін? Путин не дейді, басқалары ше?

Жыл соңына қарай әлемдік БАҚ Ресей-Украина соғысына қатысты өз болжамдарын жасай бастады. Енді солардың кейбірімен өз оқырмандарымызды таныс ете кетуді жөн көрдік.

1703752799511457.jpg

Nikkei Asia: «Путин Қытай басшысы Ши төрағаға Украинаға қарсы 5 жыл соғысуға уәде берді»,- деп жазады.

1703752712291154.jpg

Путин Қытай көшбасшысына 2023 жылғы наурызда Ресейге жасаған сапары кезінде осындай ниетін білдірген. «Сонымен қатар, Путин бұл соғыста Ресейдің «жеңетініне» сенім білдірді», - деп жазады Nikkei басылымы.

Ары қарай Nikkei: «Қытай өз стратегиясын қайта қарады. Себебі Украинадағы ұзаққа созылған соғыс Ши төрағаның ҚХР басшысы лауазымында болған үшінші мерзім кезіндегі жоспарлары мен амбицияларына, атап айтқанда, Тайуанның қосылуына айтарлықтай әсер етеді», - дейді.

Басылымда Ресей Федерациясының оқ атуды тоқтату туралы келіссөздерге пейіл білдіргені туралы сигналдарын «шын пейілдері» деп қабылдамау керектігі айтылған. Путиннің президенттік сайлау қарсаңында сиқыр жасағысы келуі мүмкін.

2024 ЖЫЛ УКРАИНА ҮШІН АУЫР БОЛУЫ МҮМКІН!

«CNBC» басылымы: «2023 жылы Украинаның майдандағы ахуалды түбегейлі өзгерте алмаған сәтсіз қарсы шабуылынан кейін, 2024 жыл Украина үшін одан да ауыр болуы мүмкін», - деген Батыстық сарапшылардың пікірлерін топтастырып, түрлі саяси ой-пікірді жария етті.

1703752633204148.jpg

Ол бойынша, қарқынды ұрыстар келесі жылы жалғасуы мүмкін, бірақ Украина қарсы шабуыл жасай алмайды. Бұл ретте Ресей өзі басып алған аумақты, атап айтқанда Украинаның шығысын ұстап тұруға баса назар аударуы мүмкін.

«Дәл қазір егер айқын жеңімпаз болмаса, тұйық алаңы пайда болып, болашақта бір өрістеп, бір басылатын жазылмас ауруға ұқсас жанжал туындауы мүмкін жағдайда тұрмыз. Менің ойымша, егер украиндер әскери техникалық көмек алмаса, оларға қаржылық қолдау жасалмайды. Оларға қажетті құрал-жабдықтар мен әскерін дайындықтан өткізу жайына қалады. Сонда бұл соғыс ресейліктердің пайдасына шешілуі де ықтимал», - деп атап өтті АҚШ Еуропалық қолбасшылығы қолбасшысының бұрынғы орынбасары, доғарыстағы генерал Стивен Твитти.

Сарапшылардың айтуынша, 2024 жылы Украинаның Батыстық қолдауы күмәнді. Ал келешекте Украинаның болашағы АҚШ-тағы Президент сайлауының нәтижесіне байланысты болады.

1703752694724862.jpg

КӨП ДҮНИЕ АҚШ-ТАҒЫ САЙЛАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ

«Егер АҚШ-тағы сайлау Украинаның пайдасына өтпесе, ЕО жоспарының күл талқанын шығарады. Олардың оқ-дәрі өндірісі Украинаға аман қалу үміті мен жеңіске деген үмітті оята алмай қалады.  Иә, бұл 2024 жылға арналған көңілді жұбатарлық болжам емес», - дейді Біріккен қызметтер Корольдік институтының қорғаныс мәселелері жөніндегі талдаушысы Сэм Крэнни-Эванс.

АҚШ-тың НАТО-дағы бұрынғы елшісі Курт Волкер: «Қаңтарда Конгресс Украинаға көмек көрсетудің жаңа бағдарламасын қабылдайды», - деп сенеді. Бірақ ол Украинаға жоғары технологиялық қаруды көбірек беру қажеттігін атап көрсетеді.

«Кейбір нәрселер өзгеруі тиіс. Біз ұсынып отырған қаруға қойылған шектеулерді алып тастауымыз керек. Біз әлі күнге дейін ең алыс қашықтықтағы зымырандарды ұсынбай отырмыз және әлі күнге дейін Украинаға бір де бір Батыс ұшағын жеткізген жоқпыз. Бұлар оларға берілуге тиіс. Және біз украиндықтарға көбірек технологиялық артықшылық беруге тырысуымыз керек деп ойлаймын», - деп атап өтті ол.

Келер жылы екі тарап та – Ресей де, Украина да – өздерінің әскери өндірісін арттырып, қосымша адам ресурстарын жұмылдырады. Сол себепті сарапшылар тараптардың ешқайсысы келіссөздерге баруға ниетті емес деп санайды. Келіссөз болады сол жағдайда, әлдебір тарап өзінің айқын да, сөзсіз басымдығын күшпен нақты танытқан шақта.

Тарих қойнауына кетіп бара жатқан жыл Украина үшін Ресеймен соғыста бетбұрыс болуы тиіс еді. Ал келесі 2024 жыл Киев үшін ең ауыр болады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар