Қос билік туралы сөз: Кеттің бе, қайрылма!

Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көрді.

1704263603256727.jpg

Онда еліміздің ішкі һәм сыртқы саясатына қатысты бірсыпыра маңызды мәселелер сөз болған. Соның ішінде, қазақ билігі аузындағы көп векторлылық, АҚШ, Батыс, Қытай мен Ресейдің Қазақстанға және Қазақстанның аталған бағыттардағы саясатына қатысты ойлар айтылған.

Ал біз аталған сұхбаттағы Қазақстандағы ескі һәм жаңа саяси басшылықтың арасындағы көлеңке астындағы «айтысқа» қатысты айтылған тұстарға тоқталғымыз келеді.

Президент: «Қаңтар оқиғасының болуына бір себеп – қос билік жасауға талпыныс. Кеттің бе, қайрылма!», - деп айтты.

«Алайда бәзбіреулер қосарланған билік жүйесін орнатуға талпынғаны, тіпті, мұндай әрекеттерді әдейі әрі мұқият ұйымдастырғаны рас. «Билік транзиті» кезіндегі ахуалды саясаттағы айлакерлер өз мүддесіне пайдаланып, қосамжарланған билік орталығын құруға тырысты. Елімізде Президент әрі Жоғарғы Бас қолбасшы лауазымы бір бөлек, бұрынғы Президент иеленген Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы лауазымы бір бөлек болды. Осы екі лауазымның иелері бір мезетте қатар қызмет атқарды. Түптің түбінде бұл жағдайдың билікте қатаң текетірес туғызбай қоймасы анық еді.

Мұны аз десеңіз, дәл осы жағдай Қаңтар дағдарысына әкеп соқтырған алғышарттың бірі болды. Өйткені ымыраласқан қаскөйлер өздері ойлап тапқан қосарланған билік, яғни «тандем» идеясын дәріптеп, оны өз мүддесіне пайдаланғысы келді. Кейбір лауазымды тұлғалардың, оның ішінде бұрынғы Әділет министрінің мәртебе жағынан Елбасы Президенттен жоғары тұратынын айтқаны естеріңізде шығар. Кейбір шенеуніктер біресе ана, біресе мына кабинетті жағалап жүрді. Олар ойнақтап жүріп, ақыры от басты. Мен кейінірек Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевқа оның жақын серіктерінің саяси қитұрқылығы еліміздің тас-тал­қа­нын шығара жаздағанын ашық айттым.

Қалай десек те, мемлекетте үлкен және кіші президент деген болмауы керек деп санаймын. «Кеттің бе – қайы­рыл­ма!» Болашақта ел тізгінін ұс­тайтын азаматтар осы жағдайдан сабақ алып, мұндай нәрседен қашық болуға және тек қана мемлекеттің мүддесі мен қоғамның береке-бірлігін ойлауға тиіс», - деді.

Осылайша президент Тоқаев пен экс-президент Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесін басқару арқылы қосалқы басшылық лауазым атқаруға тырысқанын және дәл осы фактор билікте текетіреске алып келгенін ашық айтты.

Сондай-ақ, сол жылы (2022 жыл) ішкі саяси дағдарыс кезінде Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан сатқындық болғаны айтылды.

«Өкінішке қарай, ішкі саяси дағ­дарысқа байланысты туындаған сын сағатта негізгі құқық қорғау органдары басшыларының бетпердесі сыпырылып, олардың кәсіби біліксіздігі, қала берді сатқындығы әшкере болды.

Ата заңға сәйкес жұмыс істейтін орнықты әрі тиімді мемлекеттік институттар жүйесін құру ауадай қажет екені Қаңтар оқиғасынан айқын көрінді. Біз бір ел болып, бұл дағдарысты ең­­сер­дік, қиындыққа қасқая қарсы тұрып, одан тіпті шыңдалып шық­тық. Азаматтарымыздың бекем бірлі­гінің және барлық деңгейдегі билік өкілдерінің батыл іс-әрекеті­нің ар­қасында алапат апаттың бетін қай­тарып, елдегі ахуалды тұрақтандыра алдық. Кейін кейбір қаскөйлер тергеу кезінде халық жауапты сәтте жұды­рықтай жұмыла біледі, билік қандай қатерге де қаймықпай төтеп бере алады деп еш күтпегенін мойындады», - деді президент Тоқаев.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар