Ресей билігі Мәскеудегі қазақ лидері Жамаловтың көзін құртпақ...

Украинадағы соғыстың лебі осы мемлекетте тұратын ұлттық азшылықты да шарпығанын жақсы білеміз. Бұрын жұдырықтай ұйысқан орыс еместер соғысты жақтаушылар мен жақтамаушылар деп екіге бөлінді. Яғни, тұтас ұлттар арасына жік түсті. Бұл жікшілдік Ресейдегі қазақтарды да айналып өткен жоқ.

1704359482266311.jpg

Қаңтардың басындағы басты оқиғалардың бір Ресей билігі Мәскеудегі қазақ диаспорасының басшысы Болат Жамаловтың үстінен «Ресей армиясы туралы жалған ақпарат таратты» деп іс қозғаған әрекеті болды.

Болат Жамалов бұған дейін де Путин билігінің қырына ілген-тін. Атап айтсақ, Қазақстандағы 2022 жылғы «Қаңтар оқиғасы» кезінде Жамалов шерушілерді басу үшін ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің құрамында ресейлік әскерилердің елге кіруін сынаған. «Бұл идеяны жабу үшін қандай формулалар қолданылса да, мәні бір: бұл – басып алу», – деген еді ол.

Содан бері Болаттың басқан ізі мен әлемжелілердегі жазбалары қатаң бақылауға алынған. Ресейдің «Верстка» сайты Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеудегі қазақ қоғамының басшысы Полат Жамаловқа қарсы Ресей армиясы туралы «фейк ақпарат» таратқаны үшін қылмыстық іс 2023 жылдың 11 қыркүйегінде қозғалған мәлім еткен. Сайт ақпаратына қарағанда, қудалауға Жамаловтың «Facebook» парақшасындағы жазбасы себеп болған. Онда Ресей қаржы министрінің орынбасары Ирина Окладникованың Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Григоренкоға жіберген құжаттың суретін жариялағаны айтылған. Құжатта 2022 жылдың тамыз айының ортасына қарай Украинадағы соғыста 48 759 ресейлік сарбаздың қаза тапқаны сөз болады.

Жамалов: «8132 - АӘО басталғалы-бергі ай сайын осынша сарбаздан қаза табуда. Ақша - санағанды жақсы көреді», - деп жазған.

Жамаловты Ресей жағы еш кешірмек емес, сонымен қандасымыздың арғы-қарайғы тағдыры қалай болары белгісіз. Қазақстан билігі осы іске араласпаса, басқа орыс емес ұлттарға көз қылу үшін Болат Жамаловтың көзін жоюдан Путин билігі тайынайын деп отырған жоқ.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар