Герасимовтың көзі жойылды ма? Украина барлауы не дейді?

Әлемжеліде РФ Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимов басып алынған Қырымға жасалған соққы нәтижесінде қаза болуы мүмкін деген мазмұндағы ақпараттар көбейіп келеді.

1704697456672227.jpg

«Генерал Валерий Герасимовтың Қырымға украиналық зымыран соққысы салдарынан қаза болғаны туралы мәліметтер келіп түсуде. Герасимов - РФ Қарулы Күштері Бас штабының бастығы және Ресей қорғаныс министрінің бірінші орынбасары. Қазіргі уақытта ақпарат расталмаған», - деп жазады украиналық БАҚ-тың бірі.

Осыған орай Украина Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының басшысы Кирилл Буданов ресейліктер басып алған Қырымға қуатты шабуыл кезінде РФ Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимовтың көзі жойылғаны туралы ақпаратқа өз пікірін білдірді. «Айталық, менің мұны растайтын ақпаратым жоқ», - деді Буданов.

Украинаның «Оңтүстік» еріктілер армиясының спикері Сергей Братчук мұның шындыққа жанаспайтынына сенеді. «Онда сіздерді бей-жай етпейтін түрлі нұсқалар бар, тіпті Герасимовтың ата-тегі де бұдан тысқары қалып отырған жоқ. Бұл әрине жақсы жаңалық болар еді, бірақ ол шындыққа жанаспайды деп ойлаймын. Бірақ тап сол командалық пунктте ресейлік оккупациялық армияның бірнеше жоғары лауазымды офицерлері немесе генералдары зақымданғаны рас», - деді ол.

Украинаның Қауіпсіздік қызметі Герасимовтың қаза болуы мүмкін ақпаратқа әзірге түсініктеме бере алмайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар ресейлік БАҚ-тар Қырымға жасалған соққыда 23 әскери қаза тапты деп мәлімдейді. Олардың бесеуі - жоғары лауазымды офицерлер. Кемінде 9-ы арнайы жасақ.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар